KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886694
2019 жылы:  20409
бүгiн:  1
қазiр:  25
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.06.2015

   Өнер бөлімінің оқу залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне арналған мәдениет айлығы аясында «Өнер - өмір шежіресі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2013 жылғы 26 қарашадағы Жарлығымен  21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлер күні болып бекітілді.    

   Мәдениет қызметкерлері - мәдени құндылықтарды сақтау, дамыту, тарату, пайдалану және азаматтарды соған жұмылдырумен айналысатын мәдениет пен өнерде жүрген кәсіби мамандар болып табылады. Бұл кәсіби мереке театрлар, филармониялар, оркестрлер, цирктер, студиялар, мектептер, шеберханалар, орындаушы ұжымдар, мұражайлар, кітапханалар, көркем салондар мен галереялар, кинотеатрлар мен киноқондырғылар, мәдени демалыс ұйымдары, зерттеу және қалпына келтіру орталықтары, мәдени-тарихи орталықтар, тарихи-мәдени және табиғи қорықтар, мәдени аймақтар мен басқа да ұйымдардың қызметкерлеріне арналған.

   Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні сияқты кәсіби мереке Қазақстанға міндетті түрде қажет еді, бұл мереке осы саладағы қызметкерлердің қазіргі қазақстандық қоғам өмірінде атқаратын маңызды рөлдерін айшықтай түсті: мәдениет және өнер қызметкерлерінсіз Қазақстанның әртүрлі қалаларында жыл сайын өтетін көптеген мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру мүмкін болмас еді.

   Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күнін мерекелеу Қазақстанда салтанатты да сәнді өтеді. Бұл күні концерттер ұйымдастырылып, тақырыптық кездесулер өткізіледі. Қазақстанның мәдениет пен өнер қызметкерлері бұл күні Мәдениет министрінен, сондай-ақ, ұлттық мәдениеттің көрнекті қайраткерлерінен құттықтаулар қабылдайды.
   Бұл күн барлық шығармашылық мамандардың, өнер қайраткерлерінің өкілдерін біріктіреді. Мәдениет саласын дамыту ұрпақ пен халық арасындағы сенімді байланысты, жеке тұлғаның рухани және оның өнегелі тірегін қалыптастыруды, жас ұрпақты өз елі мен халқына сүйіспеншілік негізінде тәрбиелеу ісіндегі сабақтастықты қамтамасыз етеді.

   Көрмеде Ұлттық кітапхана қорынан Қазақстанның бейнелеу өнері, театр, кино және мәдениет туралы әдебиеттер  ұсынылған.


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование