KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886700
2019 жылы:  20415
бүгiн:  1
қазiр:  31
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

09.06.2015

   2015 жылғы 9 маусым, сағ. 11.00-де Көрмелер залында А.М.Досымбаеваның «Түркітану. Тарихи-археологиялық аспект» (казақ тілінде) және «Тюркология. Историко-археологический аспект» (орыс тілінде) оқулықтарының тұсаукесері өтті.

   Оқу құралы тарих ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық қатынастар факультетінің түркология кафедрасының профессоры Айман Медеубайқызы Досымбаеваның дайындаған және оқыған: «Тюркология. Историко-археологический аспект», «Түркі халықтарының жазба ескерткіштерінің дамуы» және «Қазақ халқының рухани мәдениеті» лекциялары негізінде дайындалған.
   Оқулық 15 лекцияны; глоссарийді; семинарлық/практикалық; жеке жұмыс тапсырмалары мен оларды орындауға арналған әдістемелік ұсыныстарды, өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру бойынша теориялық білімдер мен әдістемелік нұсқауларды тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмаларды және ұсыныстық әдебиеттер тізімін қамтиды.
   Лекцияларға автордың Қазақстан мен Еуразия аймағындағы түркі халықтарының мәдени мұрасы мен кешенді зерделеу негізінде жасалған графикалық және сурет иллюстрациялары, карталар, кестелер, схемалар қоса берілген.
   А.М.Досымбаева 7 монографияның авторы, сондай-ақ  нәтижесінде «Атлас. Батыс Түрік қағанаты» атты ауқымды ғылыми еңбек басылып шыққан халықаралық «Түркі геосаясат феномені: арналары, жалғастығы» атты жобаның жетекшісі болды және қазіргі кезде «Оғыздар мемлекеті және Дешті Қыпшақ» атты халықаралық жобаның жетекшісі болып табылады. Қазақстанда және шет елдерде қазақ, орыс, итальян, түрік, ағылшын тілдерінде 100-ден астам ғылыми еңбектері жарияланған.

    Кеш модераторы –  тарих ғылымының докторы, профессор, Мәмбет Құлжабайұлы Қойгелдиев.

  Сөз сөйлегендер: С.Хизметли, А.Наурызбаева, Б.Қалшабаева, К.Тарланбаева, Ж.Абдикеримова және т.б. Жаңа басылым кітапхана қорына және журналистерге сыйға тартылды. Автор қатысушыларға қолтаңбасымен кітап сыйлады. 

   Қатысушылар – Ш.Ш.Уалиханов атындағы тарих институты, Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты, Р.Б.Сулейменов атындағы Шығыстану институты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақ-Түрік шет тілдер және іскерлік карьера университеті өкілдері.

  


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование