KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886752
2019 жылы:  20467
бүгiн:  1
қазiр:  51
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

18.06.2015

   2015 жылғы 18 маусым, сағат 11.00-де Көрмелер залында филология ғылымдарының докторы, профессор, сыншы, жазушы Бақыт Кәрібаеваның «Керуен» кітабының тұсаукесері өтті. 

   Бұл ғылыми-көркем шығарма: «Қазақ әдебиетіне жаңа тұжырымдама не үшін қажет?». Кеңестік кезеңде қазақ әдебиетін қазақ руханиятының өлшемі ретінде әлемге қалай таныту керек? деген әлеуметтік маңызы бар өзекті мәселелерді көтереді. 
   Бұл кітапта да қазіргі таңда әлі толық ашыла қоймаған әдебиеттанудың осы өзекті мәселесіне ғылыми және көркем жауап табылады.
   «Керуен» кітабы нұсқаушы ретінде  ағартушылық бағыт алады және білім беру жүйесінің методологиялық қырына жаңа тәсілдер енгізеді.
   Б.Кәрібаеваның ғылыми-салыстырмалы негіздегі зерттеуі еуразиялық кеңістікті қамти отырып, әдебиеттанушылар мен әдебиетшілерді бүкіләлем-дік әдебиеттің жоғары көкжиегіне бағыттайды.
   «Керуен» кітабының басты ерекшелігі – сын мен көркем әдебиеттің тоғысуында. Осылайша, өткен жүзжылдықта Еуразияда туындаған, демократиялық-революциялық санада із қалдырған жаңартпа болып табылады.
   Іс-шара аясында Ұлттық кітапханада автордың шығармашылығына арналған безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлібек Асқар ашты.

   Модератор: ақын, журналист-публицист, «Ақиқат» журналының бас редакторы Аманхан Әлім.

   Сөз сөйлегендер: С.Ержанова, Н.Нәжімеденова, Ғ.Тәшімбай, Б.Шарақынбай және т.б.

   Қатысушылар: жазушылар, Алматы қаласының кітапханашылары, қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

  

  

  

 


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование