KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886757
2019 жылы:  20472
бүгiн:  1
қазiр:  52
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.06.2015

   2015 жылғы 17 маусым, сағат 10.00-де Көрмелер залында ҚР Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай «Парасат» жастар клубы жұмысы мен мәдениет айлығы аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы жас мамандарының «Қазақстан құрылыс жинақ банкі» Акционерлік қоғамының өкілдерімен кездесуі өтті.

   Қазақстандағы тұрғын үй мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Мемлекет тұрғын үй мәселесін шешу үшін «Өңірлерді дамыту», «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы», «2011-2020 жылдарға арналған тұрғын-үй шаруашылығын модернизациялау», «2011-2020 жылдарға арналған Ақбұлақ бағдарламасы», «Қол жетімді баспана − 2020» деп аталатын бес бағдарламаны біріктіру арқылы «2020 жылға дейін аймақтарды дамыту» бағдарламасын жасады.
   Аталған мемлекеттік Бағдарлама қазақстандықтарды, соның ішінде жас отбасыларды жаңа, қолжетімді және жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған.
   Бұл кездесудің мақсаты − «Қазақстан құрылыс жинақ банкі» Акционерлік қоғамының саясаты мен шарттарын және тұрғын үй мәселелерінің мүмкіндіктерін  білуі мақсатында түсіндіру, таныстыру.

   Кездесу барысында кітапхана мамандарына Бағдарламаның тұсаукесері өткізіліп,  банктің ақпараттық материалдары мен буклеттері таратылды. Жаңа бағдарлама тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесі, бағыттары мен тарифтік бағдарламалары, тұрғын үйді жүзеге асыру шарттары және т.б. көптеген мәселелерге қатысты сауалдарға банктің лидер-кеңесшісі Байтленова Гүлмира Әбдіханқызы толыққанды жауап берді.

   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование