KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886785
2019 жылы:  20500
бүгiн:  1
қазiр:  50
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.06.2015

   2015 жылғы 16 маусым, сағ. 10.00-де Көрмелер залында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақ хандығы феномені: тарих және тағылым» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

   Ұйымдастырушылар: Қайнар академиясы мен Философия, саясаттану және дінтану институты.

    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен жылғы Тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты жиында: «Ұлы Далада күллі Еуразия құрлығын уысында ұстаған алып мемлекеттер болған. Алып кеңістікті ен жайлап, еркін билеп-төстеген айбарлы халықтар өмір сүрген. Бүгінгі Қазақстан – сол бабалардың заңды мұрагері... Ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздегі маңызды датаны – Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын атап өтетін боламыз», - деген болатын. Яғни, Қазақ тарихының тамыры тереңде жатыр. Ұлттық тарихымызда Қазақ хандығының құрылуы – Қазақ мемлекетінің қалыптасуы ретінде маңызды тарихи кезең болып табылады. Тарихсыз ұлт жоқ, бірақ тарихын ұмытатын ұлт бар. Сондықтан ұлт болу үшін, өз еліміздің тарихын жетік біліп, барлық елге паш етуіміз қажет. Туған елін, жерін және оның тарихы мен салт-дәстүрін білуге, құрметтеуге еліміздің әрбір азаматы міндетті.
  Бүгінгі жиынның мақсаты да сол – Мемлекет құрылуының мерейтойына арналған конференция ең алдымен азаматтардың патриоттық сезімдерін арттыру және Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға бағытталды. Жалпы конференция барысында алыс және жақын шетелден келген тарихшы-ғалымдар мен еліміздің белгілі көрнекті ғалымдары Қазақ хандығының құрылуы мен тарихи дамуының өзекті мәселелерін талқылады. Олар өз баяндамаларында әр мәселенің түйінді тұстарын ғылыми тұрғыдан негіздеп, жаңа көзқарас тұрғысынан талдады.

   Кешті ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлібек Асқар ашты.

   Кеш модераторы - ҚР ҰҒА-ның академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор  Ә.Н.Нысанбаев.

  Конференцияда баяндама жасағандар: У.Х.Шалекенов, К.А.Құрманәлиев, С.Е.Нұрмұратов, Е.С.Омаров, Х.М.Абжанов, Қ.Б.Жарықбаев, Б.Р.Каримов, Т.Б.Акеров, Б.М.Сатершинов, К.Ш.Хафизова, С.Өтениязов, Г.К.Кадиркулова т.б.

  Қатысушылар: белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар,  жоғары оқу орындарының басшылары, кітапхана қызметкерлері, БАҚ өкілдері.

  

  

  


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование