KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886709
2019 жылы:  20424
бүгiн:  1
қазiр:  36
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.06.2015

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Медицина қызметкері күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Қазақстанда медицина қызметкері күні Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Мерекені тек медицина қызметкерлері емес, адам өмірін құтқаруға қатысы  бар жаңа емдік және диагностикалық құрылғылар ойлап табатын инженерлер мен технологтар, сонымен қатар химиктер, биологтар, лаборанттар, санитарлар да атап өтеді.

   ҚР Үкіметі ауыр сәттерде көмекке келіп, адам өміріне араша болып жүрген медицина қызметкерлерін  осы кәсіби мерекесімен құттықтайды.
   Үлкен кәсіпқойлық, жұмысына деген адалдық пен ақ халатты абзал жандардың  мейірімділігі көпшіліктің өміріне екінші бір дем береді. Өз ісінің маманы адамзаттың игілігі үшін қызмет етеді, адам атаулыға берілген ұлы құндылықты – денсаулықты  шеберлікпен қорғайды.
   Заманауи медицина өзінің дамуында жаратылыстану ғылымдарының биология, физиология, биохимия, генетика, физика, электроника және инженерия секілді өзге де салаларына сүйенеді. Зерттеулер мен үлкен еңбектің арқасында жаңа технологиялар  мен күрделі ауруларды емдеуге арналған құрылғылар жасалды және әлі де жасалуда. 
  Бүгінде аурулардың алдын алу мен таралуын азайту, аса жұқпалы ауруларды зарарсыздандыру, қалалық және ауылдық жерлерде жоғары білікті медициналық қызмет көрсетудің барлық түрлерін қамсыздандыру шаралары ірі жобада қарастырылып отыр. 
Бұл шараларды жүзеге асыру адамдардың физикалық және рухани күшінің үйлесе дамуын қамтамасыз етуге бағытталып, адамзат қызметінің ерекше саласы ретінде денсаулық сақтау ісінің маңыздылығын арттырады. 
   Медицина адамды емдеу және сауықтыруда тек заманауи денсаулық сақтау ресурстарының көмегімен ғана емес, әр адамның жеке физикалық, психикалық, рухани мүмкіндіктерін де жақсартуға жұмылдырылған.
   Қазақстандағы денсаулық сақтау ісінің басымдылығы – ана мен бала денсаулығын қорғау, әлеуметтік маңызды аурулардың таралымы мен олардың әсерінен болатын өлімді барынша азайту, денсаулық пен салауатты өмір салтына ынтымақты жауапкершілік болып табылады.
 
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан  медицина, биология, генетика, химия салаларынан материалдар: энциклопедиялық анықтамалықтар, сөздіктер, ғылыми конференциялардың материалдары, оқу құралдары және т.б. ұсынылған.
 
   Кітап көрмесіне шақырамыз!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование