KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886673
2019 жылы:  20388
бүгiн:  1
қазiр:  6
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.07.2015

   2015 жылғы 3 шілде, сағ. 11.00-де Көрмелер залында Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 75 жылдық мерейтойына орай жас ақындардың қатысуымен «Елбасы – елінің тірегі, Астана – елімнің жүрегі» атты поэзия кеші және  «Елбасы», «Асқақтай бер, Астана» атты безендірілген кітап көрмелері ұйымдастырылды.

   Бұл іс-шараның мақсаты - жас ұрпаққа Елбасының ерекше жетістіктерін таныстырып, тұлғалық тұғырын түсіндіру. Елбасымыздың ерен еңбегін мақтаныш сезіммен жастардың бойына сіңіріп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтере отырып, ұлттық поэзиямыздың көшін жалғап жүрген өскелең ұрпақтың шығармашылық өнерін көпшілікке паш ету.

   Оқырман назарына ұсынылған көрмелерде Елбасы Н.Назарбаевтың өмір жолы, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы тарихи рөлі, Қазақстан қоғамын жаңарту мен қайта құрудағы зор еңбегі туралы және бүгінгі Қазақстанның жаңа бейнесінің ажырамас бөлігі болып табылатын және еліміздің  мақтанышына, ұлттық идея мен ел бірлігі нығаюының белгісіне айналған Астананың бүгіні мен болашағы туралы кеңінен таныстырылды. 
    Көрмелерде қазақ, орыс және шет тілдеріндегі 3000-нан астам басылымдар ұсынылған.
   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлібек Асқар ашты.
   Кешті «Қазақстан Ұлттық» телеарнасы Алматы қ. бюросының жетекшісі, журналист  Дәурен Дариябек жүргізді.

   Кеш қонақтары – жас ақындар Талапбек Тынысбек, Серікбол Хасан, Әлия Іңкәрбек және кітапханашылар Айзада Байдарова, Айкенже Жақсылыкова, Перизат Болтаева, Динара Мәлік өлеңдерін оқыды және Ақжан Қырбасов «Көк тудың желбірегені» әнін орындады.

   

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование