KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886814
2019 жылы:  20529
бүгiн:  1
қазiр:  2
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.07.2015

   Әлем әдебиеті қызметінің оқу залында ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтілетін Александр Дюманың «Королева Марго», «Двадцать лет спустя» романдарының  175 жылдығына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   А.Дюма (1802-1870) – шытырман  романдарымен атағы дүниежүзіне танылған   көрнекті француз жазушысы, драматург, романист, биограф, журналист. Оның әдеби мұрасы – романнан бөлек пьесалар, естеліктер, балалар ертегілері, жолжазба очерктері, әртүлі жанрдағы басқа да шығармалар болып табылады. Шытырман оқиғалы романдары А.Дюманы  дүниежүзіндегі  ең  таңдаулы жазушылардың бірі болуына ықпал етті.
   А.Дюманың әдеби мұрасындағы  ең танымал  шығармалары – «Три мушкетера» (1844), «Двадцать лет спустя» (1845), «Виконт де Бражелон немесе «Десять лет спустя» (1847), сонымен қатар «Граф Монте-Кристо», «Королева Марго.  Жазушының оқырмандардың зор қызығушылығын тудыратын үш жүзге жуық томды құрайтын шығармалары әлемдік мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. А. Дюма 1870 ж. 5 желтоқсанда Пюи қаласында кедейшілікте қайтыс болды.
   «Королева Марго» –  А.Дюма романдарының ішіндегі ең танымал және ұзақ жылдан бері тарихи-шытырман оқиғалы классикалық романдарының бірі. «Королева Марго», «Графиня де Монсоро» және «Сорок пять» романдарының  кейіпкерлері Генрих III және Генрих IV Наваррский дәуірі жайындағы  атақты трилогияны ашады. Ондағы махаббат оқиғалары католиктер мен гугеноттар арасындағы діни соғыс жағдайында өрбиді. Романның басты кейіпкерлері – Генрих Наваррский және оның әйелі Маргарита. Бұл отбасында махаббат пен зұлымдық, кісі өлтіру мен қудалау, адалдық пен сатқындық, киелілік пен бақсылық, өсек пен мойындау, сонымен қатар билік үшін  күрес орын алады.
   Роман 1952 жылдан бері әлемнің 126 тілінде қайта жарық көрген. 2005 ж. роман бірінші рет аудиокітап болып  шықты. Роман желісі бойынша 1910 ж. алғаш рет Францияда француз тілінде фильм (режиссері Камилл де Мартом)  койылды. Роман бұдан кейін  де 1954 ж. (реж. Жак Древиль), 1961 ж. (реж. Рене Люкот), 1994 ж. (реж. Патрик Шеро), 1996 ж. (реж. А.Муратов) экрандалды.
   «Двадцать лет спустя»  – Атос, Портос, Арамис және д’Артаньян атты үш ноян туралы  шытырман оқиға желісіндегі романы көптеген ұрпақтың сүйікті шығармасына айналды. Бұл   шытырман оқиғалы романдардың  інжу маржаны ретінде саналатын қызықты, әрі бірқатар кинофильмдер мен телефильмдердің  негізін құраған және әлемдік беллетристиканың алтын қорына енгізілген шығарма. Роман әлем тілдерінде 50-ден астам рет жарық көрген. 2006 ж. аудиокітап түрінде шығарылды.

   Кітап көрмесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қорынан француз жазушысы А. Дюманың әр жылдары жарық көрген  «Королева Марго»,  «Двадцать лет спустя» романдары орыс және француз тілдерінде  ұсынылған.

   Көрмені тамашалаңыздар!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование