KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886692
2019 жылы:  20407
бүгiн:  1
қазiр:  23
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

07.07.2015

   «Өнер» бөлімінің оқу залында қазақтың кескіндемешісі, Қазақстанның халық суретшісі Молдахмет Сыздықұлы Кенбаевтың (1925-1993) 90 жылдығына арналған «Дарабоз дарын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   М.Кенбаев 1925 жылы 25  шілдеде Сартол ауылында (қазіргі Қостанай облысы, Жангельдин ауданы) дүниеге келді. Балалар үйінде тәрбиеленді. 1941 жылы жетінші сыныпты бітіріп, Алматы театр-көркемсурет училищесіне оқуға түседі. Училищені тәмәмдағаннан кейін, 1950-1956 жылдары В.И Суриков атындағы Мәскеу көркемсурет институтында Ф. П. Решетниковтен дәріс алады. 1956 жылдан бері Алматыда жұмыс істейді. 1965-1980 жж.  Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ политехникалық институтының сәулет-құрылыс факультетінде, 1980 жылдан Қазақтың бас сәулет-құрылыс академиясында сурет және кескіндеме профессоры болды. 1949 жылдан көрмелерге қатысты. Молдахмет Кенбаев өткен ғасырдың 50-жылдары суретшілерінің қатарына жатады. М. Кенбаевтың суреттері халықтың ерекшелігін кең сипаттайды, қазақтың күнделікті тұрмысы мен салт-дәстүрін дәріптейді. М. Кенбаев картиналарының ең үздіктері Третьяков галереясы (Мәскеу) мен А. Қастеев атындағы Мемлекеттік бейнелеу өнері музейінде сақталғандығы оның көркемдік құндылығын дәлелдейді. Молдахмет Кенбаевтың ең үздік шығармалары - «Қашағанды ұстау» (1961 ж.), «Әңгіме» (1957 ж.), «Шопан әні» (1956 ж.) даланы өмірдің, сұлулықтың және поэзияның қайнар көзі ретінде жырлайды.  Олардан адам мен табиғаттың үйлесімді қосылуын сезінуден қуаныш сезімі байқалады. М.С.Кенбаевтың еңбегі оның күнделікті, дәстүрлі әдемілікті көре білгендігі және суреттеуінде.  Әдеттегі көріністер оның картиналарында жер иесін және қоршаған табиғи  ортаны жырлаудың айбынды әнұранына айналады. Шебердің жасаған көптеген кескіндемелері мен суреттері, станоктық картиналары мен монументті композицияларын «суреттегі дала энциклопедиясы» деп толық негізде айтуға болады. Бұл жинақ туған тау мен даланың әдемілігі алдында шексіз таң қалуға, отандастарының жан тыныштығы мен  батыл ақыл-парасатына таңданысқа толы. Монументті өнер саласында орындалған оның еңбектері еліміз бен одан тыс жерлерде тұрғын және қоғамдық құрылыстарды безендіріп, қалалар сәулетін әрлендірді. Қазақстанда монументті өнердің ең сирек кездесетін түрі витраж. Осы салада М.Кенбаев алғашқылардың бірі болып жұмыс істеді.
   «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
 
   Кітап көрмесінде Ұлттық кітапхананың кітаптар және мерзімдік басылымдар қорынан қазақтың кескіндемешісі, Қазақстанның халық суретшісі Молдахмет Сыздықұлы Кенбаевтың  өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған. 
 
   Кітап көрмесіне келіңіздер!


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование