KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886713
2019 жылы:  20428
бүгiн:  1
қазiр:  36
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

10.07.2015

   2015 жылғы 10 шілде, сағ. 11.00-де Кіші залда Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «ҚАЗақпарат» баспасынан қайта жарық көрген Мұхаммед Қайдар Дулатидың «Тарих-и рашиди» атты кітабының тұсаукесері өткізілді.

   Кітап Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жарық көрді.
   Мырза Мұхаммед Қайдар өз еңбегінде Қазақ хандығының бесігі, Моғолстан елінің бір бөлігі болған Жетісу туралы баяндаған. Ұлы ғалым Жетісуға, Қыпшақ даласына, оның елінің салт-дәстүріне, Қасым хан сияқты кемеңгер билеушілеріне аса үлкен ілтипатпен қарады. Өз шығармасында моғол билеушілерінің қазақ хандарымен болған өзара қатынасын үлкен жылылықпен баяндайды.
   Мырза Мұхаммед Қайдар Моғолстан хандары мен сұлтандарының билік үшін тынымсыз таласын баяндап қана қойған жоқ, сонымен бірге ол барлық ұлы ғалымдар сияқты өзі зерттеген тақырып үлгісінде жақсылық пен жамандықтың, білім мен надандықтың өзара мәңгі үзілмес егесінде иманға жүгінеді.
   Зерттеуші мамандардың Мұхаммед Қайдар еңбегінің, ең алдымен, қазақ халқы мен қазақ хандығының қалыптасу барысы мен мезгілін анықтауда өзге еңбектермен салыстырғанда ерекше орын алатындығын бөліп айтуы, әрине, әбден орынды. Тарих-и Рашидиде келтірілген дәлелді де нанымды фактілер қазақ халқы мен оның мемлекеттілігінің қалыптасуы барысында XIV-XVI ғасырлардағы тарихи оқиғалардың шешуші кезең болғандығы туралы пікірді негіздей түседі.
   Ортағасырлық ғалымның еңбегінен тарихшы-зерттеушілер қазақ елінің тарихына қатысты, сондай-ақ Қытай, Үндістан, Ауғанстан және Иран елдерінің тарихы туралы да көптеген деректі материалдары табады. Халқымыздың салт-дәстүріне, қоғамдық ойы мен рухани мәдениетіне байланысты материалдар арнайы талдауға лайық.
   «Тарих-и рашиди», ең алдымен, XIV-XVI ғасырдағы түркі халықтарының өткен өмір тарихының ата-тегі, қазақ хандығының шежіресі болып табылады.

   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлібек Асқар ашты.
   Тұсаукесерді Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымының докторы, профессор Хангелді Әбжанов жүргізді.

   Сөз сөйлегендер: Қ.Ботбай, Ә.Дербісәлі, И.Жеменей, М.Дайырбеков, С.Сартаев, М.Қойгелдиев, Ө.Айтбаев, Б.Нұржекеев, Б.Кәрібаев, А.Осман, Б.Нәсенов.

   Қатысушылар: белгілі ғалымдар, тарихшылар, археологтар, Ұлттық кітапхананың оқырмандары, БАҚ өкілдері.

  

  

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование