KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886921
2019 жылы:  20636
бүгiн:  1
қазiр:  47
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.07.2015

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың туғанына 170-жыл толуына орай «Абай - кемел ойдың кемеңгері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысының Шыңғыс тауының бөктерінде бай отбасында дүниеге келген. Ауылда молдадан хат танып, сегіз жасында медреседен білім алады. Семейде орыс мектебіне оқуға түседі. Абай он екі жасынан өлең жаза бастайды. Ол өзінің жан-жақты шығармашылығының күшін феодалдар табы халықты қанаушы – байлармен, феодалдармен, ру қазыларымен, патша шенеуніктерімен күресуге бағыттайды. Ұлы ақын бар жан-тәнімен және талантымен  өз халқына қызмет етті және өлмес мұра қалдырды.

   Абай Құнанбаев – қазақтың ұлы ағартушы-ақыны, философ, ХІХ ғасырдағы қазақтың жазба әдебиетінің және  әдеби тілінің негізін салушы. Ол поэзияға жаңа ұйқастар мен пішіндер енгізеді. Сонымен қатар ақын композиторда болды. Ол қазіргі кезде танымал болған көптеген  өлеңдері үшін өзіндік, терең сезімді әуендер жазды. Оның өлеңіне жазылған «Көзімнің қарасы» әні  халықтық ән болып кетті. 
   Абайдың 45 қысқаша философиялық трактаттардан тұратын прозалық поэмасы «Қара сөз» әйгілі еңбекке айналды. Бұл ерекше кітабында ақын көп жылдардағы ой-толғамдарын, ізденістері мен жинағандарын, қорқынышы мен мен өкінішін, қайғысы мен қуанышын, рух қарқыны мен нәтижелердің ашщы шындығы, ашу мен мойындауды (бой ұсыну) туралы жазған. Абайдың дүниетанымының қалыптасуына гуманистік идеяны ұстанушы шығыс ақындары мен ғалымдары Фирдоуси, Навои, Низами, Физули, Ибн Сина және тағы басқалар ықпал етті. 
   Абай Құнанбаев – қазақ пен орыс халқының арасында рухани ықпалдастықтың орнауына орасан үлес қосқан адам. А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, И.А.Крыловтың, М.Е. Салтыков-Щедриннің, Л.Н. Толстойдың шығармаларын зерттеген және қазақ тіліне аударған. Абайдың есімі Пушкин есімімен мәңгілікке байланысқан.Олардың есімін әлем жұртшылығы мойындаған. ЮНЕСКО Хатшылығының шешімімен 1995 және 1999 жылдар осы  ақындардың жылы болып аталды. Ақынның  шығармалары мыңдаған тиражбен Қазақстанда және басқа да елдерде басылған және қайта басылған.
   1938 жылы Мұхтар Ауэзов «Абай» трагедиясын, 1942-1956 жж. – 4-томдық «Абай жолы» роман-эпопеясын жазды. 1944 жылы композитор Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамиди «Абай» операсын жазды. 1945 жылы «Абай әндері» фильмі түсірілді, 1952 жылы режиссер Ш.Айманов «Абай» спектаклін қойды, 1995 жылы режиссер Ә. Әмірқұлов ақынның өмірі туралы екі сериялы «Абай» фильмін түсірді. 2012 жылы «Альпина нон-фикшн» (Ресей) баспасы «Абай Кунанбаев. Избранное» поэтикалық жинағын қайта басып шығарды.  
   Абай Құнанбаев 1904 жылы алпысқа қараған шағында қайтыс болды.
   Қазақ ақынының құрметіне КСРО-да, Қазақстанда және басқа елдерде шығарылған бірқатар почта маркалары арналған. 1993 жылы ақынның бейнесімен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 20 тенгелік номиналмен банкнот шығарды. Семей қаласында Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық мұражай-үйі ашылды. Лондонда жазушы Роллан Сейсенбаевтың бастамасымен Абай үйі ашылған. Алматы қаласында Абайға ескерткіш орнатылып, Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына,Ұлттық педагогикалық университетке, қаладағы басты даңғылдардың біріне аты берілген. Қазақстанның көптеген қалаларында, сондай - ақ Делиде, Каирде, Берлинде, Ташкентте, Бішкекте, Киевте және әлемнің тағы басқа қалаларын оның атымен аталған қалалар бар. 1993 жылдан Қазақстанда ақынның туған күнінде дәстүрлі «Абай оқулары» өткізіледі. 2006 жылы  Мәскеу қаласында Чистопрудный бульварында Абайға ескерткіш ашылған.
   Кітап көрмесінде  Ұлттық кітапхана қорынан ақынның өмірі мен қызметі, оның шығармалары, абайтану бойынша шығармалар, монографиялар, зерттеулер, мақалалар, энциклопедиялар және тағы басқа ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование