KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886880
2019 жылы:  20595
бүгiн:  1
қазiр:  44
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.07.2015

   2015 жылғы 24 шілде, сағат 11.00-де «Парасат» жастар клубы  шеңберінде белгілі қазақ жазушысы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қалихан Ысқақовтың 80 жылдығына арналған «Қазақ прозасының қара нары» атты еске алу кеші өтті.

   Қалихан Ысқақов 1935 жылы Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының Топқайың ауылында туған. 1957 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, 1967 жылы Мәскеудегі КСРО Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитеті жанындағы сценаристердің жоғары курсын  бітірді.
   Алпысыншы жылдардың басында Қ.Ысқақов «Дос хикаясы», «Менің ағаларым», «Бұқтырма сарыны», «Күреңсе»  және  «Тұйық» романы мен бірнеше повестер жинағын шығарды. Жазушының кейбір повестері орыс, татар, тәжік тілдерінде жеке кітап болып жарық көрді.
   Қ. Ысқақов кинодраматургия саласында да белсенді жұмыс атқарды. Оның сценарийі бойынша «Саршатамыз», «Ұшы қиырсыз жол» атты толық метражды көркем фильмдері түсірілді. Жазушы Л.Н.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романын қазақ тіліне аударуға қатысқан, А.И.Куприннің повестер жинағын, И.Буниннің, А.Чеховтың әңгімелерін және т.б. қазақ тіліне аударды.
   Еске алу кешіне Қазақстанның халық әртісі, актер, режиссер Тұңғышбай Жаманқұлов, белгілі ұйғыр жазушы Ахметжан Әшири, ҚР еңбек сіңірген қайраткер, жазушы Кәдірбек Сегізбай, ақын және аудармашы Қуанышбай Құрманғалиев, жазушы және белгілі кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетов қатысты.

   Іс-шара Өскемен қаласының Орталық кітапханасымен бірлесіп, Интернет арқылы онлайн-кездесу желісінде өтті. Еске алу кешін ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры, жазушы Әлібек Асқаров ашты.

   Аталған іс-шараның мақсаты – жастарға қазақстандық жазушыларды таныстыру, қазақ кітаптарын оқуға тарту, олардың интеллектуалдық деңгейін көтеру және дамыту.

   Іс-шара шеңберінде Ұлттық кітапхана қорынан Қалихан Ысқақов шығармаларынан және оның өмірі мен қызметіне қатысты әдебиеттерден кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование