KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886937
2019 жылы:  20652
бүгiн:  1
қазiр:  47
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

05.08.2015

   2015 жылғы 5 тамыз, сағ. 11.00-де Көрмелер залында әскери ұшқыш, авиация генерал-майоры, екі мәрте Кеңес Одағының  Батыры Талғат Бигелдиновтің туған күніне орай еске алу кеші өтті.
   Ұйымдастырушылар: Батырдың ұлы Талғат Талғатұлы Бигелдинов Ұлттық кітапхананың қолдауымен.

   Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов  1922 жылы 5 тамызда Ақмола облысының Майбалық ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.
   Орта мектептен кейін, аэроклуб мектебін бітіріп, Саратов, Чкалов (қазіргі Оренбург) әскери-авиация училищелерінде оқыды. 1940-1956 ж. әскери қызметте болды. 1942 жылдан майданда, 144-полк құрамында Калинин, Далалық, Воронеж, 1-, 2-Украина майдандарындағы, Курск доғасындағы кескілескен ұрыстарда ерлік көрсетті. Соғыстың соңғы айларында оның басқаруындағы шабуылшы ұшақтар Одердегі және Берлиндегі шайқастарға қатысты. Соғыс кезінде ол 300-ден астам рет жауынгерлік тапсырмамен ұшып шығып, жаудың жүздеген танктерін, зеңбіректері мен солдаттарын жойды. Әуе шайқастарында фашистердің 7 самолетін атып түсірді. Соғыстан кейін, Әскери-әуе күштері академиясын (1950) бітіріп, 1957 жылға дейін Кеңес Одағындағы Әскери-әуе күштерінде қызметін жалғастырды. 1957-1970 ж. азаматтық авиацияны басқарып, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Өскемен қалаларында аэропорт салу ісіне өлшеусіз үлес қосады. 1968 жылы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын бітіріп, мемлекеттік құрылыс саласында да қызмет атқарды.
   КСРО Жоғарғы Кеңесінің үш мәрте депутаты (1946-1954 және 1989-1991 ж.) болып сайланды.
   «305 рейдов»,  «Илы атакуют» (1966), «Аспандағы айқас» (1967), «Пике в бессмертие» (2000)  атты кітаптардың авторы.
   Ленин, 2 мәрте Қызыл Ту, 1 және 2-дәрежелі Отан соғысы, Александр Невский, Қызыл Жұлдыз, 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен және медальдармен наградталған.
   Көкшетау қаласындағы Даңқ аллеясында 2000 жылы 9 мамырда екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтің ескерткіш бюсті қойылды. Фрунзе қ. (қазіргі Бишкек) Талғат Бигелдиновтың қола ескерткіш бюсті орнатылған. Ақтөбе жоғарғы әскери ұшқыштар мектебі, Қарағанды республикалық әскери мектебі Т.Бигелдиновтын есімімен аталған.

  Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлібек Асқар ашты.
   Модератор: журналист, саясаттанушы, қоғам қайраткері С.Құттықадам.

   Іс-шара аясында Ұлттық кітапхананың қорынан Т.Бигелдиновтың өмірі мен еңбектеріне арналған көркемделген кітап көрмесі ұйымдастырылды және «Высокое небо Талгата» атты деректі фильм көрсетілді.

  Сөз сөйлегендер: Л.Воронина, Ғ.Тәшімбайұлы, В.Жандаулетов, Б.Нұрпейісов, М.Елеусізов, Г.Бигелдинова, Т.Бигелдинов және т.б.

   Қатысушылар: Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ұшқыштар, қоғам, білім және мәдениет қайраткерлері, БАҚ өкілдері және туған-туыстары, т.б.

   

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование