KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886853
2019 жылы:  20568
бүгiн:  1
қазiр:  28
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.08.2015

   Өнер бөлімінің оқу залында мүсінші, Қазақ КСР-нің халық суретшісі Хакімжан Есмаханұлы Наурызбаевтың (1925-2009 ж.) 90-жылдығына арналған «Асқақ дарын, дара тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Хакімжан Наурызбаев 27 тамызда Қостанай облысының Ленин ауданындағы № 1 ауылда туылған. Суретшінің балалық және жастық шағы өзі өмір бойы сүйіп, құрметтейтін еңбек адамдарының арасында өтті. 1943 жылы ол Алматыға оқуға жіберіледі. Алматы көркемсурет училищесінде жай мамандық дағдыларын игерумен қатар, болашақ мүсіншінің дүниетанымы, кеңес суретшісіне мемлекет жүктеген зор жауапкершілік пен борышты түсіну қабілеті қалыптасты. 1945 жылы Харьков көркемсурет институтының мүсінші факультетіне оқуға түсті. Наурызбаев О.Н. Кудрявцеваның басшылығымен жұмыс істеген ол ұлттық тақырыпқа «Көкпар», «Бүркітші жігіт», «Жеңімпазды қарсы алу», т.б. композицияларды жасады. 1951 жылы Наурызбаев Алматыға келіп, осында оның шығармашылық жолы басталады. 50-60-жылдары «Құрманғазы» (1958), «Жамбыл Жабаев» (1959), «Шоқан Уәлиханов» (1960), «Сәкен Сейфуллин» (1964) сияқты шығармаларды жасады. Ескерткіштің көркемдік сапасы жоғары. Белгілі қазақ ағартушысының бейнесі суреттелген, әрі онда замандастарымызға ерекше жақын да маңызды қасиеттер: өмір жолындағы табандылық пен инабаттылық баса көрсетілген. Ескерткіштің көңілге қонымды қарапайымдылығы заманымызбен үндес. 1973 жылы мүсінші осы шығармасы үшін КСРО Көркемсурет академиясының дипломымен марапатталды. Алпысыншы жылдары Х.Е.Наурызбаевтың шығармашылығында едәуір маңызды оқиғалар болып өтті. Оған Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері атағы берілді. 1954 жылы ол М.О.Әуезовпен танысып, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комитеті және Әдебиет пен өнер саласындағы КСРО-ның Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комитеттің мүшесі болып сайланды. 1966 жылы ол «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталды. 1970 жылы жемісті шығармашылық қызметі үшін Қазақ КСР-нің Шоқан Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын иеленді. Сол жылы оған Қазақ КСР-нің халық суретшісі деген атақ берілді. Наурызбаевтың өнердегі шығармашылық жолы кеңес өнерінің үздік реалистік дәстүрлерімен тығыз түрде байланыса отырып,  қазақстандық мүсін өнерінің  қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі де орасан. 1985 жылы Х.Е.Наурызбаев Октябрь революциясы орденімен марапатталды.

   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Хакімжан Есмаханұлы Наурызбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар  ұсынылған.

   Кітап көрмесіне келіңіздер!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование