KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886938
2019 жылы:  20653
бүгiн:  1
қазiр:  47
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.08.2015

   2015 жылғы 25 тамыз, сағ. 11.00-де Көрмелер залында Конституция күніне арналған кең ауқымды «Қазақстан  Республикасының Конституциясына – 20 жыл» атты безендірілген кітап көрмесінің ашылуы және академик, заң ғылымдарының докторы С.С.Сартаевпен  кездесу өтті.

   Қазақстан  Республикасының Конституциясы –  Қазақстан халқының еркіндігін, оның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасуға ұмтылысын, басты құндылығы адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы екендігін  бейнелейтін елдің негізгі Ата заңы. Ең бастысы, Конституция  Қазақстан халқына  – таңдау құқын берді.
   Сұлтан Сартайұлы Сартаев 1927 жылы 15 қазанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауылында дүниеге келді.
   Алматы мемлекеттік заң институтын (1949) бітірген, 1949-52 жылдары Мәскеу мемлекеттік заң институтының аспиранты, 1952-55 ж. Алматы мемлекеттік заң институтының аға оқытушысы, доцент, мемлекеттік құқық кафедрасының меңгерушісі, 1955 ж. Қазақ мемлекеттік университетінде (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)  кафедра меңгерушісі, заң факультетінің деканы. 1997 жылдан Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтының ректоры. Қазақстан Заңгерлер одағының төрағасы.
   Ғылыми-зерттеулерінің негізгі бағыттары: Қазақстандағы мемлекет және құқық мәселелері. Сұлтан Сартаев тәуелсіз Қазақстанның Конституциясын және конституциялық заңнамаларын жасауда бастамашы болды.

   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы бас директорының бірінші орынбасары Б.Қ.Оспанова ашты.
   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан 100-ге жуық басылымдар қойылған. Көрмеде мемлекет және құқық, қазақ мемлекетінің құқықтық жүйесі мен заң шығарушылық саясатының қалыптасу тарихы бойынша әдебиеттер, Тәуке хан қабылдаған «Жеті жарғы» заңдар жинағы қойылған. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарияланған, арасында  «Қазақтың ата заңдары» құжаттар мен материалдардың жинағы бар басылымдар кең қамтылған.

   Сонымен қатар, қазақ, орыс, ағылшын, өзбек, ұйғыр және тағы басқа тілдерде басылған Қазақстан Республикасының Конституциясы қойылған.

   Қатысушылар: қоғам қайраткерлері, кітапхана оқырмандары және БАҚ өкілдері.

  

  

  


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование