KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886754
2019 жылы:  20469
бүгiн:  1
қазiр:  50
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

10.09.2015

   2015 жылғы 10 қыркүйек, сағ. 11.00-де Көрмелер залында Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысымен Алматы қаласында ұлттық интеллигенция өкілдерінен құрылған «Парыз» пікірталас клубы өз жұмысын бастады.

  «Парыз» пікірталас клубының басты мақсаты – шығармашылық интеллигенция, жазушылар қоғамдастығының интеллектуалды әлеуетін пайдалана отырып, Қазақстандық бірегейлікті нығайту саласында нақты бастамаларды жауапты органдарға енгізу. «Мәңгілік Ел – асыл мұратымыз» жалпы тақырыбы аясында мемлекеттілік, ұлттық құндылық, ел мүддесі, ана тіліміздің, ата дініміздің, асыл діліміздің келелі мәселелері талқыланады. Талқылап қана қоймай, оны шешудің ұзақ және қысқа мерзімді жолдары ұсынылады. Пікірталас клубының көшпелі отырыстары Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жалғасады.
   «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты, «100 нақты қадамнан» тұратын Ұлт жоспары, озық 30 елдің қатарына қосылу міндеті – мұның барлығы Мәңгілік Ел болу жолындағы өзара сабақтас жүйелі қадамдар. Мемлекет пен қоғамға берері, келешекке әсері, әрбір жеке адамның өміріне жасайтын ықпалы тұрғысынан бұл – шын мәнінде тарихи қадам. Сол тарихи мүмкіндікті тиімді пайдалануға жол ашатын басты «қоғамдық капитал» – халықтың Елбасына деген сенімі, елдің бірлігі мен отаншыл ынтымағы. Сондықтан «Мәңгілік Ел» – қазіргі ұрпақтың тарихи миссиясы, оның келешек алдындағы жауапкершілігі болмақ.

   Іс-шараны  «Алтын Қазына» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Махмұд Тойкенов ашты. Философ, публицист Ә.Бәкірұлы, қоғам қайраткері, саясаттанушы, клуб жетекшісінің орынбасары Д.Көшім баяндама оқыды. А.Амантай, Х.Ғабжалилов, Д.Ысқақ, Р.Жұмалы және т.б. пікір алмасты.

   Қатысушылар: зиялы қауым, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері.

  

        

                            

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование