KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886772
2019 жылы:  20487
бүгiн:  1
қазiр:  52
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.09.2015

   2015 жылғы 16 қыркүйекте Үлкен залда көрнекті ақын Қайрат Жұмағалиевтің шығармашылығына арналған еске алу кеші өтті.

    Іс-шара Ұлттық кітапхананың Өнер бөлімі жанындағы «Інжу-маржан» клубы аясында және «Қадыр Мырза Әлі» қорының қолдауымен өткізіледі.    
    Қайрат Жұмағалиев 1937 жылы Батыс Қазақстан облысы Орда (қазіргі Бөкей Ордасы) ауданы Жиекқұм ауылдық кеңесінің (қазіргі Бейсен ауылы) Бесқұдық деген жерінде туылған.
   1959 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген соң еңбек жолын «Жазушы» баспасында кіші редактор болып бастады. Бұл ұжымда ол көп жылдар еңбек етіп, бас редактордың орынбасары қызметіне дейін көтерілді. 1985-1992 жылдары Қазақ телевидениесінде аға редактор, бас редактор қызметтерін атқарды. 1993-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының аударма-редакциялық бөлімінде сектор меңгерушісі, кейіннен кеңесші болды. Қ.Жұмағалиев жас кезінен бастап тамаша аңыз өлеңдердің авторы ретінде танымал болды. «Первый» алғашқы өлеңдер жинағы 1964 жылы «Жазушы» баспасында жарық көрді. Бұдан кейін оның «Жанар», «Перзент үні», «Жеңісбай», «Айнамкөз», «Сахара», «Шапағат», «Ататау», «Парасат», «Құбажон», «Ақмарал», «Кім көріпті мұндайды» өлеңдер жинағы, сондай-ақ «Сәске» атты таңдамалы жинағы жарық көрді.
   Оның төрт кітабы орыс тіліне аударылып, ал «Степная дорога», «Целомудрие» жинақтары Мәскеуде «Советский писатель» баспасында басылып  шықты. Жеке шығармалары ағылшын, француз, араб, неміс, қытай, хинди, испан, поляк, болгар тілдеріне аударылды.
   Қайрат Жұмағалиев шебер аудармашы болды. Ол Гомердің «Илиада», Еврипидтің «Медея», «Красавицы Трои», «Елена» трагедияларын, әлем әдебиеті классиктерінің шығармаларын ана тіліне аударды. Сонымен қатар, А.Дюманың «Граф Монте-Кристо» романын (Ә.Жұмабаевпен бірге), моңғол жазушысы Л.Тудэвтің «Горный поток» романын, француз ақыны Беранженің шығармаларын, қырғыздың «Манас» эпосын қазақ тіліне тәржімалаған. Қ.Жұмағалиев көптеген танымал қазақ әндерінің авторы.  Өзінің көрнекті шығармалары үшін «Молодая гвардия» журналының, «Қазақ әдебиеті» газетінің лауреаты атанды.

   Еске алу кешіне мәдениет және өнер қайраткерлері, Құрманғазы атындағы Мемлекеттік халық аспаптар оркестрі, ҚР халық әртістері Н.Нүсіпжанов, Е.Хасанғалиев, ҚР еңбек сіңірген әртісі М.Омаров, туған-туыстары, ЖОО студенттері және т.б. қатысты. Кешті ҚР еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Дәукенова жүргізді.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование