KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886780
2019 жылы:  20495
бүгiн:  1
қазiр:  54
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.09.2015

  2015 жылғы 17 қыркүйекте Көрмелер залында Еңбек күніне арналған «Мамандыққа шақыру» атты мерекелік кеші өтті.

   Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы №698 Жарлығымен қыркүйектің соңғы жексенбісі «Еңбек күні» болып бекітіліп,  еліміздің  кәсіпорын, мекемелер және ұйымдарында түрлі шаралардың жүзеге асып жатқандығы белгілі.
   Еңбек күнінің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру туралы идеяларының шеңберінде өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау мен жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту болып табылады. Өз саласының сан қырын меңгерген жандардың  қоғамдағы орнын, өз еңбегінің жеңісін насихаттау.

  «Мамандыққа шақыру» кешін ҚР Ұлттық кітапханасының бас директорының бірінші орынбасары Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашты. Кешті журналист Айнұр Төлеу жүргізді.
   Мерекелік кешке қаламыздың түрлі салаларда еңбек етіп жүрген, өз кәсібінің майталмандары шақырылды. Денсаулық сақтау саласына еңбек сіңірген профессор Мұстафина Жанар Ғабиденқызы, филология ғылымдарының докторы Рината Сералықызы, денсаулық сақтау саласының атақты дәрігері, ҚР еңбек сіңірген қызметкері, экс-министр Измуханбетов Талапқали Әбішұлы сондай-ақ, мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тілеуберді Бинашев өз жұмысының жетістіктері туралы әңгімелеп, шаштараз маманыдары, мастер-стилистер Тілеуқұлов Азамат және Макенова Назгүл шеберлік класын көрсетті. Кітапханашы Аян  Жолдасов кітапханашы мамандығы жайлы әңгімеледі.

   Іс-шара аясында еңбек адамы образына арналған «Елімнің мақтанышы – еңбек адамы» атты фотостенд ұсынылды.

   Қатысушылар: жоғары оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылары, БАҚ өкілдері.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование