KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065357
2019 жылы:  130892
бүгiн:  1
қазiр:  27
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

18.09.2015

   2015 жылғы 18 қыркүйекте Үлкен залда Қазақстан халқының тілдер күніне арналған «Ана тілің арың бұл» атты мерекелік кеш өткізіледі.

   Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлтық кітапханасы, ҚР Ұлттық Ұлан 3650-ші әскери бөлімі.

   Қазақ тілі - халқымыздың қазынасы, ол ұлттың бірлігі мен топтасуына ықпал етеді. Қазақ тілі елдің және оның конституциялық-құқықтық мәртебесін, егемендігін білдіріп, мемлекетті айқындайтын факторлардың бірі болып табылады. Ұлтжанды болу, рухани мұраны  құрметтеу, халықтың салт-дәстүрлерін, мәдениетін құрметтеу - қазақ тілінен бастау алады. Тіл қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Қазіргі таңда ана тіліміздің мәртебесін көтеру әрбір қазақстандық үшін басты міндет болып жүктелгені белгілі. Тілге деген құрметті насихаттау, ұрпағымыздың алдындағы борыш екенін ескерсек, ана тіліміздің абыройы да асқақтай түсетіні ақиқат.
   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз барлығымыз бүкіл қазақстандықтарды біріктіруші негізгі фактор - мемлекеттік тілді дамыту үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз қажет» деген жалынды сөздері достығы мен бірлігі жарасқан әрбір Қазақстан азаматына арналған.

   Іс-шара аясында кітапхана қорынан «Ана тілің арың бұл» атты кітап көрмесі ұйымдастырды. Алматы қаласының Қазақстан Халқы Ассамблеясының өкілдері өз өнерлерін көрсетті. Ана тіліміздің төл мерекесіне орай  жас ақындар жырдан шашу шашып, ана тіліміз туралы әндер шырқалады.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование