KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886805
2019 жылы:  20520
бүгiн:  1
қазiр:  45
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.09.2015

   Өнер бөлімінің оқу залында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайының  80 жылдығына арналған «Мұражай мұраның көзі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы 1976 жылы Т.Г. Шевченко атындағы Қазақ Мемлекеттік көркем галереясы мен Республикалық қолөнер мұражайының негізінде құрылған.
1984 жылы қаңтарда музейге Қазақ КСР-нің халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің есімі берілді.
   Бүгінгі таңда ҚР Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы еліміздегі ірі көркем мұражай және бейнелеу өнері   саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу және мәдени ағарту орталығы болып табылады.
   Мұражай қоры 24 000-нан аса сақталым бірлігінен тұрады, олардың ішінде: Қазақстанның бейнелеу өнері туындылары, батыс, орыс және кеңес дәуірінің өнер туындылары, Қазақстанның дәстүрлі және заманауи қол өнер бұйымдары, сонымен қатар, Қытай, Үнді және Жапония елдерінің қолөнер топтамалары. 
   Топтамаларды жинақтау тарихы 1935 жылы 23 қыркүйекте Алматы қаласында Көркем галерея ұйымдастырылғанда басталды. Галереяның тұңғыш жәдігерлері Қазақ КСР-ның құрылғанына 15 жыл толуына арналған көрмеге қойылған жергілікті суретшілердің туындылары еді. 1936 жылы Ресей мұражайлары Третьяков галереясы, Орыс мұражайы, А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік өнер мұражайы кеңестік, орыс және батыс еуропалық суретшілердің 200-ге жуық туындысын өз қорларынан жаңа галереяға тарту етті.      Мұражай екі жылдан кейін Октябрь революциясының 20 жылдығына арналған қазақстандық суретшілердің туындыларын көрсете отырып, өзінің көрмелік қызметін бастады. Бүгінде мұражай XIX-XX ғасырларға тән халық қолөнерінің көрнекті топтамаларына ие. Оның көп бөлігі күмістен жасалған бұйымдар.   
   Топтамаға еліміздің әр өңірінің зергерлік бұйымдары кіреді. Олар: білезіктер мен жүзіктер, самай алқалары мен сырғалар, шашбау әшекейлері және бойтұмарлар. Киіз бен матадан жасалған кілемдер ою-өрнектерінің әсемдігімен таңқалдырады. Ал қабырғаға ілінетін тұскиіздер, әсем кестелер әртүрлілігімен көз тартады. Ағаштан жасалған сандықтар мен кебежелер, төсектер мен жүкаяқтар, саз аспаптары, ат әбзелдері сан түрлі әсем оюларымен баршаның назарын өзіне аударады. Олардың көбі жұқа сүйекпен қапталған.
   Мұражай топтамасында  Қ. Тыныбековтың 1970-1980 жылдары ұлттық-этнографиялық материалдарды жаңаша үрдіске пайдаланған гобелендері бар. Ал Б.Зәуірбекова мен Әлібай және Сәуле Бапановтардың гобелендерінен ұлттық ерекшеліктерімізді жаңаша, заманауи үлгіде беруге деген ынта-жігерлері анық байқалады. Топтаманың негізгі бөлігі – Қазақстан суретшілерінің, графиктерінің және мүсіншілерінің туындылары.
   Мұражайдың бүгінгі басты жұмыс түрі: белсенді түрде мұражайға келушілерді тарту, мұражай топтамаларының жоғары көркемдік деңгейін таныстыру мақсатында экскурсиялар жүргізу, безендірілген бай материалдарды пайдаланып лекция оқу.

   Көрмеде Ұлттық кітапхананың қорынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайының тарихы мен дамуы туралы әдебиеттер ұсынылған.

   Келем деушілерге есік ашық!


 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование