KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886766
2019 жылы:  20481
бүгiн:  1
қазiр:  50
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.09.2015

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жанынан Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Барлық Қазақстан халқы үшін ортақ мереке болып қалыптасқан Тілдер күні жыл сайын қыркүйекте аталып өтіледі. Әр тілдің  және әр мәдениеттің құндылығын түйсіну, кез-келген тілдің – әлемдік өркениетке қосылатын баға жетпес үлес екендігі мерекенің  біріктіруші басты идеясы  болды.
   Қазақ тілі – барлық қазақстандықтар үшін ортақ мемлекеттік тіл. Ол ұлттық бірліктің басты факторы болып табылады. Мемлекеттік тілді білу –  әр азаматтың парызы. Еліміздің білім беру мекемелерінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дәріс беру енгізілуде.
   Өзара сыйластыққа негізделген этникааралық қатынастарды сақтаудың басты факторларының бірі елімізде өмір сүретін барлық этностар мәдениетін дамытуға қолайлы жағдай тудырып отырған мемлекетіміздің тіл саясаты болып табылады.
  Қазақстанда 130-дан астам халық өмір сүреді және  әр қайсысының тілі бірегей. Ана тіліне деген қызығушылығы, оны жазбаша және ауызша еркін меңгеруге деген ынтасы қашанда мәдениетті адамның сипаты болмақ. Бүгінде қазақстандық мектептерде қазақ тілімен қатар, елімізде тұратын  халықтардың 10-нан астам ұлттық тілі оқытылады. Бұл барлық ұлт өкілдерінің өз туған тілінде білім ала жүріп, мәдениетіне, тарихына бойлауына мүмкіндік тудырады. Әр этностың өз тілі, өз салт-дәстүрі бар. Кез-келген полиэтникалық өкіл үшін  осының барлығын сақтау аса маңызды. Осында түрлі мәдени элементтер тоғысып және өзара бірін-бірі толықтырып отырғандығы еліміздің ерекшелігі болып табылады. Қазақстан халқы тілдерінің күнін тойлауға қоғамның белсене қатысуы осының жарқын көрінісі.

   Кітап көрмесінде Қазақстан халықтарының өзара тілдік қарым-қатынас үдерістерін қарастыратын материалдар, тілдерді оқып үйренуге қатысты әдістемелік құралдар, анықтамалық материалдар, сөздіктер және т.б ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование