KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886782
2019 жылы:  20497
бүгiн:  1
қазiр:  55
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.09.2015

   Әлем әдебиеті қызметінің оқу залында атақты ағылшын жазушысы Агата Кристидің туғанына 125 жыл толуына  арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Агата Мэри Кларисса Миллер (жазушының толық аты-жөні)  1890 жылы Англияның оңтүстік жағалауындағы порттық қала Торкиде   (Девон графтығы) дүниеге келді. Жазуды Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарында  госпитальда мейірбикелік  жұмыста, кезекшілік арасындағы үзіліс кезінде бастаған болатын. Ол әйелдің жазған детективтерін оқырмандар қабылдайтынына күдіктеніп, ер адамның бүркеншік атымен басып шығарғысы келді. Алайда баспашының талап етуімен 1920 ж.  алғашқы «Таинственное преступление в Стайлсе» романы  өзінің атымен басып шығарылды. Ол  Мэри Уэстмаккот - әйел адамның бүркеншік атымен басылған  он шақты детективті емес жанрдағы   романдарды жазды. 
   Гонорары 25 фунтты құрайтын дебютты романында, Кристидің өзгеріссіз кейіпкері -  25 детективтік оқиғаның кейіпкері болатын бельгиялық детектив  Эркюль Пуаро пайда болды. Кристи жылсайын  археолог-жұбайымен Сирияға  және Иракқа ұзақ экспедицияға баратын, өзінің айтуынша  шығармаларын үзіліссіз жазды, тіпті  ыдыс жуып жүріп шығарған. Оның қаламына  70 детективті роман,  жүздей әңгіме, 17 пьеса, сонымен қатар, Пуаро мырзаның зерттеулерінен кем түспейтін үлкен табысқа кенелген өмірбаян тиесілі.
   Агата Кристидің даңқына оның әдеби ізденістерінің сауатты саясаты ықпал етті: «пуариада» тек кітап пішінде ғана басылып қоймай, АҚШ және Ұлыбританияның танымал газеттерінде басылып шықты. 1926 жыл жазушы үшін салтанатты жыл болды. Оның шығармалары Шекспир мен Библиядан кейінгі ең көп шығарылымды  кітаптар қатарына кіреді. 1957 жылдан бастап ең көп экранға түсірілген авторлардың бірі болды. Ол бейресми «детектив ханшайымдары» атауын иеленді. Агата Кристидің кітаптары 103 тілде аударылған. Олардың таралымы  4 млрд.  данадан  астам.
   Агата Кристи Британ  империясы  Орденінің иегері  (1956), 1971 жылы дворян атағын алды. 1958 жылдан  ағылшын детективтік  клубын  басқарды.
   Жазушы 1976 жылы 12 қаңтарда 86 жасында дүниеден озды.

   Кітап көрмесінде  Ұлттық кітапхана  қорынан автордың  әлем тілдеріндегі шығармалары  ұсынылған.

   Көрмені тамашалауға шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование