KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060701
2019 жылы:  126236
бүгiн:  106
қазiр:  19
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.09.2015

   2015 жылғы 23 қыркүйекте  Көрмелер залында «Парасат» жастар клубы жұмысының аясында Еңбек күніне арналған «Еңбек адамы – мемлекеттің асыл құндылығы» атты поэзия кеші өтті.

   «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына және ел Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы № 698 Жарлығына сәйкес  «Еңбек күні» жыл сайын қыркүйектің  соңғы жексенбісінде аталып өтіледі.
    Мерекенің мақсаты – Мемлекет Басшысының Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамын құру идеясы аясында қазақстандықтардың еңбек өнімділігін ынталандыру, жастар арасында  жұмысшы кәсіптерді насихаттау және жұмысшы әулеттердің көп жылғы дәстүрін нығайту. 
    Іс-шараға қазақстандық жас ақындар, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері мен Ұлттық кітапхананың жас мамандары қатысты. Шақырылған қонақтар мен  кешке қатысушылар еңбек тақырыбына арналған және  түрлі кәсіптерді көпшілікке насихаттайтын өлеңдер оқыды, сондай-ақ, жас таланттардың орындауында музыкалық нөмірлер ұсынылды.
 
     Осы мерекеге орай, Ұлттық кітапханада, сондай-ақ түрлі кәсіп өкілдерімен және ардагерлермен (дәрігерлер, музыканттар, шаштараздар және т.б) кездесу өтті, сондай-ақ, ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Қазақстан Республикасындағы Еңбек күніне арналған фотокөрме және безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование