KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886729
2019 жылы:  20444
бүгiн:  1
қазiр:  43
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.09.2015

   2015 жылғы 29 қыркүйекте  «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында «Татары в Казахстане» энциклопедиялық сөздігінің үшінші басылымының тұсаукесер рәсімі өтті.

   «Татары в Казахстане» энциклопедиялық сөздігін Қазақстанның  татар және татар-башқұрт Қауымдастығының этномәдени бірлестігі мүшелерінің ықпал етуімен профессор Гриф  Тимурзагитович Хайруллин құрастырды.
   Аталмыш еңбек қазақстандық қоғамдағы ұлтаралық қатынастардың дамуы тұрғысындағы маңызды және көрсеткішті материал болып табылады. Кітапқа Қазақстанда тұрған және қазіргі кезде де тұратын, елдің дамуына айтарлықтай үлес қосқан және қоғамдық  беделге ие, мемлекетіміздің төзімділігі мен мәртебесін өз ұлтының азаматтары алдында үлгі етіп жүрген этникалық татарлардың үздік өкілдері енген. Энциклопедиялық сөздікте барлығы 600-ден астам тұлға таныстырылған.

   Тұсаукесер рәсімінің ұйымдастырушысы - Қазақстанның татарлары мен башқұрттары Қауымдастығы.  Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директорының орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы ашты. Тұсаукесерде Алматы қ. Ресей Федерациясының Бас консулы А.М.Демин, Алматы облысының гректер қоғамының жетекшісі Г.К.Иордании, биология ғылымдарының докторы, профессор Р.А.Гареев, қоғам қайраткері Р.Я. Гузаиров, тарихшы және журналист М.И.Ерзин, музыкант және композитор Г.Г.Тамендаров, әнші, Татарстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Г.Г.Сайбулатова, Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ доценті Л.З.Болатбаева, сондай-ақ сөздіктің авторы және құрастырушысы Г.Т.Хайруллин. Кездесуге қатысқандар татар және қазақ тілдерінде өлеңдер оқып, татар халық әндерін орындады.
   Іс-шара шеңберінде жаңа басылым кітапхана қорына және тұсау кесер рәсіміне қатысушыларға сыйға тартылды.           

      

 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование