KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886708
2019 жылы:  20423
бүгiн:  1
қазiр:  38
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

02.10.2015

   2015 жылғы 2 қазан, сағ. 11.00-де  Көрмелер залында  тарих ғылымдарының кандидаты, доцент И.В.Ерофееваға «1675-1821 жылдардағы қазақ билеушілерінің хаттары. Екі томға жинақталған тарихи құжаттар жинағы» атты іргелі еңбегі үшін Ресей Федерациясының Кемер облысы Әкімшілігінің марапаты табысталды.

   Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «АБДИ-Компани» АҚ баспасынан И.В.Ерофееваның «1675-1821 жылдардағы қазақ билеушілерінің хаттары. Екі томға жинақталған тарихи құжаттар жинағы» атты іргелі еңбегі жарық көрді. Аталған еңбек 25 қазақ хандары мен сұлтандарының Ресей билігі мен көрші шығыс елдерінің билеушілеріне жазған орыс тіліне аударылған 811 хаттан және түпнұсқа мәтіндерінің 250 факсимилесінен тұрады. Бүгінгі күнге дейін белгісіз болып келген және кейінгі ортағасырлардың, сондай-ақ, жаңа кезең басындағы қазақ жазба ескерткіштерінің бұрын жарияланған бірқатар бөлімдерінің мәтіндері көлемді тарихи зерттеулер, дала хандары туралы жан-жақты жазылған био-библиографиялық очерктерді, ғылыми түсіндірмелер мен жинақты құрастырушының көмекші ақпараттық-анықтамалық материалдарын, құнды суреттер жинағын қамтиды.
   Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми кеңесі И.В.Ерофееваға Қазақ хандығының тарихын зерттеуге қосқан үлесі үшін университеттің Құрметті профессоры атағын берді. Сондай-ақ, оның еңбегі Батыс Сібір өңірлерінде жоғары бағаланып, Кузбасстағы қазақ қоғамының бастамасымен, Ресей Федерациясының Кемер облысының Әкімшілігі алқасының шешімімен, губернатор Аман Төлеев авторға Кузбасс сыйлығының Лауреаты құрметті атағын берді.
   Осы бастамамен қатар, Кемер облысының Әкімшілігі алқасы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, биология ғылымдарының кандидаты Б.В.Щербаковқа және және кәсіпкер В.В.Понявинді туған өлке табиғатының ғажайыптарын баяндайтын   
«Шығыс Қазақстан – Еуразия жүрегі» атты құнды кітабы үшін «Сенім және игілік үшін» медальдарымен марапаттауға шешім шығарды.
   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы бас директорының бірінші орынбасары Б.Қ.Оспанова ашты. Модератор қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов болды.

   Губернатор А.Төлеевтің көмекшісі Людмила Михайловна Поликанова авторларға Ресей Федерациясының Кемер облысы Әкімшілігінің марапатын табыстады.
   Сөз сөйлегендер: Б.Щербаков, Қ.Өскенбай, К.Байпақов, И.Ерофеева және т.б.

   Қатысушылар: белгілі тарихшылар, қоғам қайраткерлері, журналистер, жоғарғы оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының кітапханашылары.

   

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование