KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060804
2019 жылы:  126339
бүгiн:  209
қазiр:  8
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

09.10.2015

   2015 жылғы 9 қазан, сағ. 11.00-де Көрмелер залында С.Жүсіптің «Ашаршылық ақиқаты. Деректер мен дәйектер» кітабының тұсаукесері өтті.

   Кітапты Қызылордалық өлкетанушы, журналист Сағат Жүсіп дайындаған. Автор ХХ ғасырда қазақ жерінде орын алған қос ашаршылықтың (1918-1922 және 1931-1933 ж.) тақырыбына байланысты көп жылдарғы іздеулерінің нәтижесінде әртүрлі дерек көздерінен алынған зерттеулер, мақалалар, әңгімелер, естеліктердің негізінде қомақты жинақты дүниеге әкелген. Қос ашаршылықтың кейбір құпия беттері жан ауыртатын естеліктер мен зерттеулер, құжаттар арқылы және тарихшылар мен ғалым мамандардың салиқалы еңбектері арқылы көрсетілген.
   С.Жүсіп бірнеше кітаптың авторы, «Азаттық» сыйлығының лауреаты. Оның өлке тақырыбына арналған «Қанішер Гержодтың қолжазбасы», «Қанішер Гержодтың ізімен» атты кітаптары 1917-1919 жылдары кеңестердің Сыр бойы халқын жауыздық жолмен басқаруын суреттейді.

   Іс-шараны экономика ғылымдарының кандидаты, «Болат Тайжан» қорының президенті Мұхтар Тайжан жүргізді.
   Сөз сөйлегендер: М.Қалыбаев, Б.Нәсенов, Ж.Кенебай, Қ.Тасыбеков, С.Керімбай және т.б.

   Қатысушылар: автордың оқырмандары, БАҚ өкілдері.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование