KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886779
2019 жылы:  20494
бүгiн:  1
қазiр:  53
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

07.10.2015

   2015 жылғы 7 қазанда Абай даңғылы мен А.Байтұрсынов көшесінің қиылысындағы Метрополитеннің «Байқоңыр» бекетінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Алматы қаласы  Медеу аудандық «Нұр Отан» партиясының бастамасымен, ҚР Ұлттық кітапханасы және Алматы қалалық «Метрополитен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен «Қазақ хандығына - 550 жыл» атты безендірілген көшпелі кітап көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

   Көрменің мақсаты – қазақ хандығы мен қазақ халқының тарихын, еліміздің өркендеуіне және нығаюына өмірі мен қызметін арнаған көрнекті тарихи тұлғалардың еңбектерін және есімдерін оқырмандарға, қоғамға соның ішінде жас буыннан бастап, шектеусіз жас шамасына дейінгі буын өкілдеріне кітаптың, кітап оқудың бүгінгі таңдағы күнделікті қолданысқа енген ғаламтор торабынан кем қалмайтындығын, одан да шексіз сан алуан тұстары бар екендігін, сонымен қатар адамзат баласына тәрбиелік тағылымы мол дүние сыйлайтындығын насихаттау мен таныстыру болып табылады.
   Көшпелі кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Қазақстан халқының тарихы мен тарихи-мәдени және рухани мұрасын бейнелейтін қазақ, орыс, шет тілдеріндегі 200-ден астам әдебиеттер ұсынылған. 
  Көрменің ашылу салтанатында  жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Бас директоры Әлібек Асқар, «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғани Майлыбаев, Қазақстанның құрметті журналисі  Ғазизбек Тәшімбай және т.б.сөз сөйледі.

   Іс-шараға Медеу аудандық «Нұр Отан» партиясының өкілдері, ҚР Ұлттық кітапханасы мен Алматы қалалық «Метрополитен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, қала тұрғындары мен белсенді  жастары, БАҚ өкілдері қатысты.

  

  

 
 
 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование