KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060669
2019 жылы:  126204
бүгiн:  74
қазiр:  26
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.10.2015
   «Өнер» бөлімінің оқу залында Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театрының 80 жылдығына арналған «Таңғажайып театр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
 
   Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры 1935 жылы құрылды. Театр Қазақстанның ең көне театрларының бірі. Бұл біздің еліміздің тарихындағы тұңғыш қуыршақ театры. Көптеген жылдар бойы оның сахнасында қуыршақтың барлық түрлері пайда болды: қарапайым таяқ қуыршақтан бастап күрделі қуыршақтарға дейін. Театр талантты әртістердің, қуыршақ шеберлерінің, режиссерлердің, суретшілердің бірнеше ұрпағын тәрбиелеп шығарды, олардың көпшілігі ондаған жылдар бойы театрға – қуыршақ өнеріне шын берілгендер.
   Театр тарихында театрдың шығармашылық қалыптасуына үлес қосқан адамдардың есімдері мәңгі қалады: өнертанушылар мен режиссерлар Ю.Рутковский, П.Пашков, Л.Ленгорская, В.Горенберг, дарынды актерлар Н.Трегубенко, Ш.Кадыров, Т.Майская, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Б.Слонов, Б.Парманов, бас режиссер және көркемдік жетекші А.Михайлов пен П.Поторока, ҚР халық әртістері С.Шукуров пен С.Қабиғужин.
   Театрдың қалыптасу кезеңінде қазақ және орыс труппалары қатар жұмыс істеді. «Алдар көсе» және «Өтеген батыр» қуыршақ шығармаларының алғашқы режиссерлері Қазақ драма театрының жетекші актерлары Қ.Бадыров, С.Телғараев; арнайы курс бітірген қуыршақ режиссері А.Федорченко, А.Анчаров және шақырылған қуыршақ шеберлері  Д.Липман мен О.Тарасова болды. Тұңғыш шығармаларды Л.Хамиди мен Б.Ерзакович сияқты композиторлар музыкамен әрледі.
   Театр репертуары белгілі Пушкин ертегілері мен классиктердің шығармалары негізінде қойылған: «О мертвой царевне», «О царе Салтане», «Волшебная лампа Алладина» спектакльдерімен толықты. Театрдың қызметі жас ұрпақты патриоттық, гуманистік және халықтар арасындағы достық рухына бағытталды. Қазіргі таңда қуыршақ театрының репертуарлық саясаты өскелең ұрпақпен жұмыс істеуге бағытталған, репертуарда халық, шығыс, әдеби және шетел ертегілері бар. Спектакльдер қазақ және орыс тілдерінде өтеді, спектакль репертуары үнемі жаңарып отырады.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театрының тарихы мен дамуы туралы әдебиеттер  ұсынылған.

   Кітап көрмесіне келіңіздер!
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование