KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060682
2019 жылы:  126217
бүгiн:  87
қазiр:  27
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.10.2015

   2015 жылғы 13 қазан, сағ. 11.00-де  Көрмелер залында  Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысымен Алматы қаласының ұлттық интеллигенция өкілдерінен құрылған «Парыз» пікірталас клубының кезекті отырысы өтті.

   «Парыз» пікірталас клубының басты мақсаты – шығармашылық интеллигенция, жазушылар қоғамдастығының интеллектуалды әлеуетін пайдалана отырып, Қазақстандық біртектілікті нығайту саласында нақты бастамаларды жауапты органдарға енгізу.
   Клуб жұмысының жоспарына сәйкес «Мәңгілік Ел – асыл мұратымыз» жалпы тақырыбы аясында мемлекеттілік, ұлттық құндылық, ел мүддесі, ана тіліміздің, ата дініміздің, асыл діліміздің келелі мәселелері аймақтарда: Петропавл, Қызылорда, Өскемен, Ақтөбе және Орал қалаларында жергілікті интеллигенция өкілдері, этномәдени орталықтардың белсенділері, үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіпкерлермен бірге талқыланды. Аймақтарда өткен клубтың көшпелі отырыстары бойынша жергілікті белсенділердің ұсыныстары, қызу талқыға түскен мәселелер күн тәртібінде қаралды.
   Сондай-ақ, осы отырыста ұлт зиялылары қазіргі Қазақстан қоғамының діни ахуалын жіті зерделеудің өзектілігін, дәстүрлі дін мен салт-дәстүр сабақтастығын нығайту жолдарын қарастырды.
   Отырыстың арнайы қонағы - Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының басшысы Ержан қажы Малғажыұлы. 
   Дөңгелек үстел жұмысын «Парыз» пікірталас клубы жетекшісінің орынбасары, қоғам қайраткері, саясаттанушы Дос Көшім жүргізді.
   Сөз сөйлегендер: Ы.Ожайұлы, Е.Қажыбек, Д.Ысқақұлы, А.Әлімұлы, С.Ақтаев, Н.Ақыш, Ә.Бәкірұлы, Қ.Елемес, Ә.Ғарифолла.

    

  


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование