KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060672
2019 жылы:  126207
бүгiн:  77
қазiр:  28
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.10.2015

    2015 жылғы 15 қазан, сағ. 10.00-де Кітапханатану залында Алматы қаласының кітапханалары күніне арналған «Мамандығым–мақтанышым» атты Ашық есік күні өтті.
   Алматы қаласы кітапханаларының күні Алматы қаласы Әкімінің 1999 жылғы 29 қыркүйек N 894 шешімімен белгіленіп, жыл сайын 15 қазанда аталып өтіледі.
   Ашық есік күні аясында дөңгелек үстел және көрме ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелде пікірталастар жүргізіліп, тәжірибелі мамандар өз ойларын ортаға салды. Кітапхана мамандарына арналған көрмеде кітапхана ісінен толық мағлұмат беретін отандық және шетелдік әдістемелік оқу құралдары ұсынылды.
   Сонымен қатар, белгілі ақындардың кітап пен кітапхана жайлы жазылған өлеңдері оқылып, викториналық ойын жүргізілді. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының студенттері әндер шырқады.
   Сондай-ақ, іс-шараға қатысушыларға Ұлттық кітапхана бөлімдеріне таныстыру экскурсиясы  жүргізілді.

  

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование