KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886801
2019 жылы:  20516
бүгiн:  1
қазiр:  42
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.10.2015

   Әлем әдебиеті қызметінің оқу залында «Қырғыздың «МАНАС» эпосына 1020 жыл» толуына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   «Манас» – әлемдік фольклор тарихындағы ең ірі эпос. Эпос тарихи шындық пен мифтерді үйлестіре отырып, аңыздық сипатқа ие. «Манас» әлемдегі ең ірі эпос ретінде Гиннес рекордтар кітабына, сонымен қатар адамзаттың материалдық емес ауыз әдебиетінің тамаша үлгісіндегі мәдени мұрасы ретінде ЮНЕСКО-ның аса көрнекті туындылар тізіміне енгізілді.
   «Манас» эпосы қырғыз әдебиетінің классикалық туындысы және қырғыз елін біріктіруші, оларға Отанын қайта қайтарған батыр ретіндегі бас кейіпкердің есімі болып табылады. Эпос жарты миллионға жуық өлең жолдарынан тұрады, әрі көлемі жағынан әлемге танымал эпостардан асып түседі, сонымен бірге қырғыз тіліндегі ең танымал әдеби шығарма болып табылады. Бірінші бөлімінде – Манас батырдың өз тарихы, екінші бөлімінде Манастың ұлы Сәметей, оның балалық шағы және оның дұшпандарымен күресі, ал үшінші бөлімінде Манастың немересі Сейтектің өмірі туралы жырланады.
   «Манас» эпосы – бұл, ең әуелі көркемділігі мен көлемі жағынан қырғыз халқының көркем сөз өнеріндегі қайталанбас, теңдессіз үздік құнды мұрасы. Шынайы тарихи оқиғалар мен фактілерге негізделген, батырлар шежіресін ғасырдан-ғасырға, аңызшыдан-аңызшыға жеткен, әр кездері сөз шеберлігі түзелген, өзгерген, жаңарған, жаңа тарихи оқиғалармен өрнектелген, казіргі кезде өзінің биік шыңына жеткен шығарма. Эпостың негізгі ойы – жақсылық пен жамандық тартысы.
   Белгілі ғалым-этнограф, тюрколог С.М.Абрамзон қырғыздың ауыз әдебиеті шығармашылығының мәдени және тарихи құндылығының мәнін мойындады: Ол: «Қырғыз мәдениетінде халық ауыз әдебиетінің поэтикалық шығармашылығы ерекше орын алған. Онда халықтың тарихи тағдыры,ежелгі мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі,  қайғысы мен үміті, табиғатты ақындық тұрғыдан қабылданып, сан-қырлы және жарқын түрдегі шығармашылық шеберлікпен берілген», - деп көрсетеді. Бүгінгі таңда зерттеушілерге эпостың бірнеше ондық нұсқалары мен тізімдері белгілі болып отыр. Жыршы-манасшылар Саяқбай Қаралаев пен Сағымбай Орозбақов нұсқалары эпостың барынша танымал нұсқасы болып табылады.

   Кітап көрмесінде Ұлттық кітапхана қорынан «Манас» эпосының әлем халықтары тілдерінде әр жылдары жарық көрген басылымдары ұсынылған.

   Кітап көрмесін көруге шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование