KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886698
2019 жылы:  20413
бүгiн:  1
қазiр:  29
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.10.2015

   2015 жылғы 20 қазан, сағат 11.00-де Көрмелер залында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Бас ғылыми қызметкері филология ғылымдарының докторы, профессор Ісімақова Айгүл Серікқызының: «Тәуелсіздік және Алаш ғылымы»;  «Жазған сөз жаным ашып Алашыма...»; «Қазіргі әдебиет пен әдебиетті зерттейтін қауым»; «Тәуелсіздік және Алаш әдебиеттануы»; «Қазіргі әдебиеттанудың теориялық мәселелері»; «Қазақ әдебиеттануындағы Тәуелсіздік идеясы»; «Қазақ әдебиеттануы» және филология ғылымдарының кандидаты осы институттың аға ғылыми қызметкері Айсұлу Төреқұлқызы Ойсылбайдың «Ахмет Байтұрсынұлы: «Әдебиет танытқыштағы» қазіргі әдебиет теориясы» 2015 жылы «Дәстүр» және «Елтаным» баспаларында жарық көрген ғылыми зерттеулерінің тұсаукесері өтті.

   Аталған кітаптарда қазақ әдебиеттануының бастаулары мен дамуы және оның басты теориялық мәселелері, ежелгі әдебиет үлгілерінің зерттелуі, Алаш әдебиеттануы, қазіргі әдеби байланыстардың теориялық негізі, бүгінгі абайтану мен алаштану, әлемдік әдебиеттану мен постмодернизм туралы кәсіби зерттеулер Тәуелсіздік кезең тұрғысынан тұңғыш рет жүйелі түрде сараланған. Кітапта әл-Фараби, Шоқан, Ыбырай, Абайдан басталатын қазақ әдебиеттану ғылымының негіздері, алаш ғалымдары Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабай, Қ.Кемеңгерұлы, Ы.Мұстанбайұлы, С.Сәдуақасұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Қ.Жұбанов, М.Тынышбаев, С.Ж.Аспандияров, Е.Бекмаханов, М.О.Әуезов, Б.Кенжебаев, Е.Ысмайылов, Т.Нұртазин, Қ.Жұмалиевтің әдебиеттанулық зерттеулері және әдебиеттанушылар Р.Сыздықова, З.Қабдолов, М.Мырзахметұлының ғылыми еңбектері қарастырылған.
   Тұсаукесерді М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижан ашып, Ұлттық кітапхананың бас директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Әлібек Асқар жүргізді.
   Сөз сөйлегендер: Қ.Бегманов, Ә.Дербісәлі, Ш.Сариев, Б.Нұржекеев, Х.Бекмаханова, С.Жансүгіров, Н.Сағындықова, А.Байтұрсынова, А.Әлімұлы, М.Қондыбаева, Қ.Әбділда, Ә.Бөпежанова.

   Қатысушылар: ғалымдар, Алматы қаласының қоғамдық бірлестіктерінің және бұқаралық- ақпараттар құралдарының өкілдері.

  

  

  

 

 

 


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование