KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886796
2019 жылы:  20511
бүгiн:  1
қазiр:  49
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

19.10.2015

    2015 жылғы 14-16 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры Әлібек Асқар Қазан қаласында Татарстан Ұлттық кітапханасының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлттық кітапханалар: тарих кезеңдері және қазіргі көрінісі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

   Конференцияға Ресей Федерациясының кітапхана басшылары мен мамандары, жақын және алыс шетелдік кітапханалардың басшылары, ғалымдары мен зерттеушілері, ғылыми, білім беру және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Конференцияда ұлттық кітапханалардың даму бағыттары, кітапхана ісінің өзекті мәселелері, кітапханалардың өзара әрекеттестігін жетілдіру жолдары талқыланды, кәсіби ақпарат пен тәжірибелермен алмасып, жаңа байланыстар орнатылды.

   Пленарлық мәжілісте Ресей Мемлекеттік кітапханасының бас директоры А.И.Вислый, Ресей Ұлттық кітапханасының бас директоры А.В.Лихоманов, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының бас директоры Ә.Асқар, Ресей кітапханалық Ассоциациясының Президенті В.Р.Фирсов, Түркия Ұлттық кітапханасының директоры З.Томан, М.Ф.Ахундов атындағы Әзірбайжан Ұлттық кітапханасының директоры К.М.Тахиров және т.б. сөз сөйледі.
   Конференция аясында қатысушыларға Сирек кітаптар мен қолжазбалардың көрмелері ұсынылды. Сондай-ақ, Ә.Асқар өз өтініші бойынша Қазан Мемлекеттік университетінің Н.И.Лобачевский атындағы кітапханасы жұмысымен танысты. Әсіресе, осы кітапханада сақталған сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалардың топтамаларымен танысты. Қорда қолжазба түрінде сақталған алғашқы қазақ кітаптарымен танысты.
   Кездесу барысында басшылар кітапханада сақталған қазақ кітаптарының тізімін жасау туралы уағдаласты.

Кітапханалар директорлары

А.Вислый сөз сөйлеуде

Түркі тілдес елдер кітапханаларының
қауымдастығын құру туралы
жобаны талқылау

И.Гаспринский атындағы
Қырымтатар кітапханасының
директоры Г.С.Ягьяева

Ресей Ұлттық кітапханасының
Бас директоры А.В.Лихомановпен
әңгімелесу барысы

Ресей кітапханалық Ассоциациясының
Президенті В.Р.Фирсов және
Татарстан Ұлттық кітапханасының
директоры С.Зиганшина

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование