KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060835
2019 жылы:  126370
бүгiн:  240
қазiр:  13
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.10.2015
   2015 жылғы 24  қазан, сағат 11.00-де Көрмелер залында «Біз де бала болғанбыз» атты мерейтойдың аясында поэзия кеші өтті.     
                                                                
   Биыл балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ақ желкен» журналының жарыққа шыққанына 90 жыл, «Ұлан» газетінің қазақ балаларын тәрбиелеп келе жатқанына 85 жыл толды. «Ұлан» 1930 жылы 14 наурыз күні «Лениншіл жастың» 5-6 беттерінде «Пионер» деген атпен жарық көрді. Ал «Ақ желкен» журналының алғашқы саны 1922 жылдың 22 наурызында жарық көрді. Еліміз егемендігін алған сәтке дейін «Пионер» деген атпен басылды. Қос басылымды әр жылдары Саттар Ерубаев, Сақтаған Бәйішев, Әбілфайыз Ыдырысов, Сейдахмет Бердіқұлов, Фариза Оңғарсынова, Уәлихан Қалижанов, Сұлтан Қалиұлы сынды азаматтар басқарды.
 
   Қатысушылар: зиялы қауым өкілдері, мектеп басшылары, республиканың түкпір-түкпірінен төл басылымдарына жазылып, жанашыр болып жүрген мектеп оқушылары мен студенттер.
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование