KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886737
2019 жылы:  20452
бүгiн:  1
қазiр:  44
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.10.2015

    2015 жылғы 28 қазан, сағ. 11.00-де Көрмелер залында тарих ғылымдарының докторы, профессор С.Е.Әжіғалидің «Маңқыстау мен Үстірт ескерткіштері» кітап-альбомының тұсаукесері өтті.

   Ұйымдастырушылар: ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және ҚР Ұлттық кітапханасы.

   Кітап-альбом белгілі ғалым–этнолог, археолог және архитектура тарихшысының Арал-Каспий өңірінің жету жолы қиын аудандарын көп жылдар бойы зерттеуінің нәтижесі болып табылады. Маңқыстау және Үстірт жазығы сәулет өнерінің теңдесі жоқ ескерткіштеріне, яғни, автордың сөзімен айтқанда, «қазақ халқының ұлттық мақтанышы және далалық Еуразияның қайталанбас қазынасына» арналған, бай иллюстрацияланған, ғылыми-танымдық, тартулық қорытынды басылым. Іргелі негіздемелік принципте дайындалған, өзіндік өңірдің табиғаты, тарихы мен мәдениеті және, ең алдымен, Маңқыстау мен Үстірттің б.д. II мыңжылдықтағы мемориалды-культтік кешендерінің, көне архитектуралық ескерткіштерінің барлық түрлерінің ерекшеліктері жайлы тартымды баяндайтын 12 бөлімнен тұратын үлкен кітап-альбом. Басылымның арнайы тараулары ескерткіштердің жеке категорияларына – мешіттер, мавзолейлер, сағанатамдар мен төртқұлақтар, стела-құлпытастар, қабіртастар, сандықтастар, сонымен қатар, олардың ақпараттық-сәндік өңдеу мен тас қашау өнеріне арналған. Әрбір бөлім біраз мәтіннен және репрезентативті иллюстрациялық қатардан (барлығы 600-ге жуық сурет) тұрады. Кітапта глоссарий және әдебиет тізімі қоса берілген. Басылымның маңызды бөлігі қосымшасы болып табылады, онда ескерткіштерінің алғаш рет құрастырылған аймақ толық картасы және көрсеткіші берілген.
   Іргелі басылымда  көп жылдар бойы (1978 жылдан бастап) далалық зерттеулердің материалдары жинақталып, жүйеге келтірілген және бірегей  тарихи-мәдени құбылыс – «көшпелілер архитектурасының» мәнін ұғыну қорытындысы берілген. Фототіркеу жұмыстарын әр жылдарда автордың өзі, сондай-ақ басқа да фотографтар жүзеге асырған. Басылымның мәтіні бейнелі ұғынықты стильде (үш тілде) баяндалған, кітап-альбом көпшілік қауымға, соның ішінде шетелдіктерге де арналған.   Басылым Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы әкімшілігінің қолдауымен іске асты, басылымға дайындаған «Өнер» баспасы.
   Тұсаукесер барысында «қазақ ескерткіштануы», қазақ диаспорасының тарихы мен мәдениеті мәселелеріне арналған автордың басқа да соңғы жылдарда жарық көрген кейбір басылымдары ұсынылды.

  Іс-шара аясында кітапхана қорынан С.Е.Әжіғалидің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Тұсаукесерді тарих ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология  институтының аға ғылыми қызметкері Алдажұманов Қайдар Сейсембайұлы жүргізді.
    Сөз сөйлегендер: А.Көпішев, Б.Құспанғалиев, Н.Атығаев, А.Төлеубаев, А.Ордабаев, Л.Тұрғанбаева, Б.Ибраев, А.Тоқтабай, Е.Байтенов және т.б.

   Қатысушылар: тарихшылар, жоғары оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование