KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886735
2019 жылы:  20450
бүгiн:  1
қазiр:  44
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.10.2015

   2015 жылғы 26 қазан, сағ.11.00-де Көрмелер залында Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысымен Алматы қаласының ұлттық интеллигенция өкілдерінен құрылған «Парыз» пікірталас клубының кезекті отырысы өтті.

   «Парыз» пікірталас клубының басты мақсаты – шығармашылық интеллигенция, жазушылар қоғамдастығының интеллектуалды әлеуетін пайдалана отырып, Қазақстандық біртектілікті нығайту бағытында нәтижелі жұмыс жасау.
   Дөңгелек үстел жұмысын «Парыз» пікірталас клубының жетекшісі, жазушы, Ұлттық кітапхананың бас директоры Әлібек Асқар жүргізді.
   Клуб жұмысының жоспарына сәйкес, «Мәңгілік Ел – асыл мұратымыз» жалпы тақырыбы аясында мемлекеттілікті нығайту, ұлттық құндылықтарды сақтау, ел мүддесі, ана тіліміздің, ата дініміздің, асыл діліміздің келелі мәселелері аймақтарда: Петропавл, Қызылорда, Өскемен, Семей, Ақтөбе және Орал қалалары интеллигенция өкілдерімен, этномәдени орталықтардың белсенділерімен, кәсіпкерлермен бірлесе талқыланды. 
  Аймақтарда өткен клубтың көшпелі отырыстарында жергілікті зиялы қауым өкілдері Қазақстандағы білім берудің жай-күйі, әсіресе, білім саласына енгізіліп жатқан түрлі реформалардың әлі күнге оң нәтиже бермей жатқандығы, турасын айтқанда, тиімсіздігін қызу талқылап, қатты алаңдаушылық білдірген еді.
   Сондықтан клубтың бұл отырысында әр өңірдің зиялысы көтерген Болон процесі және дәстүрлі білім берудегі ұлттық құндылықтарды сақтау, Болон реформаларын  Қазақстандық білім жүйесіне бейімдеудегі жетістіктер мен кемшіліктер, 12 жылдық оқу жүйесін енгізудегі ұтарымыз бен ұтыларымыз, қазіргі Қазақстан жағдайында ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқытудың қаншалықты қажеттігі төңірегіндегі сұрақтарға кәсіби жауаптар берілді.
   Отырыстың арнайы қонақтары: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің проректоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Ақтолқын Құлсариева, осы университеттің филология ғылымдарының докторы, профессор Балтабай Әбдіғазиев.
   Сөз сөйлегендер: Қ.Әбдімапова, Қ.Түменбаев, М.Ысқақбай, М.Тойкенов, Ә.Бәкірұлы, Ғ.Әнес және т.б.
   Сондай-ақ, отырысқа жоғары оқу орындарының оқытушылары, жалпы білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование