KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886726
2019 жылы:  20441
бүгiн:  1
қазiр:  40
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.10.2015

   2015 жылы 27 қазанда Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты Жұмабек Тәшеневтің 100 жылдығына арналған іс-шаралар аясында  «Қайсар қазақ, қаһарман тұлға» тақырыбында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан көшпелі көркемделген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Жұмабек Ахметұлы Тәшенев 1932 жылы Ақмола құрылыс техникумын, 1955 жылы КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін бітірген. 1934-1939 Бейнетқор ауданы Атқару комитетінің хатшысы, аудан жер бөлімінің меңгерушісі, 1939-1943 Ақмола облысы жер бөлімі бастығының орынбасары, 1944-1947 Солтүстік Қазақстан облысы Партия комитеті хатшысының орынбасары, мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, 1947-1948 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1948-1952 жылдары төрағасы  болды. 1952-1955 жылдары Ақтөбе облысы Партия комитетінің 1-хатшысы, 1955-1960 Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы, 1960-1961 жылдары Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. Республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған жылдары қазақ мемлекетінің аумақ тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірді. Маңғыстауды Түрікменстанға қосу жөніндегі ұсыныстарға тойтарыс берді. Тың өлкесіне біріктірілген солтүстік облыстарды Ресейге, Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын
Өзбекстанға беруге қарсы шықты. Қазақстан жерінде ядролық жарылыстар жасауға қарсылық білдірді. Шығармашылық одақтар өкілдеріне үй-пәтер бергендігі үшін Алматының ортасында «қазақ ауылын» құрды деп айыпталды. «Қазақ әдебиеті» газетін жабудан, «Социалистік Қазақстан» газетін «Казправданың» аудармасы етіп шығарылу қаупінен қорғап қалды. «Ұлтшыл» деп айыпталып, Н.Хрущевтің нұсқауымен қызметінен босатылды. 1961-1975 Шымкент (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) облысы Атқару комитеті төрағасының орынбасары болды. Өмірінің соңғы кезеңінде «Қаракөл» ғылыми-зертханалық институтында, Оңтүстік Қазақстан облысы талдау-есептеу орталығында қызмет атқарды.
 
   КСРО-ның «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. Шымкент, Астана қалаларындағы көшелерге оның есімі берілген.
 
   «Қайсар қазақ, қаһарман тұлға» атты көркемделген кітап көрмесінде кітапхана қорынан Жұмабек Тәшеневтың өмірі мен қызметіне қатысты әдебиеттер мен материалдар қамтылды. Көрмеде 150-ден астам баспалық және мерзімді басылымдар ұсынылды.
 
   Қатысушылар: белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері, жазушылар, жоғары орындарының студенттері, Алматы қаласының кітапханашылары, балалары мен жиендері, БАҚ өкілдері.
 
  
 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование