KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886807
2019 жылы:  20522
бүгiн:  1
қазiр:  46
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.11.2015

   2015 жылғы 4 қарашада Көрмелер залында Қазақстанның халық әртісі, режиссер Асқар Тоқпановтың 100 жылдығына арналған еске алу кеші өтті.
    Іс-шара ҚР Ұлттық кітапханасының Өнер бөлімі жанындағы «Інжу-маржан» клубы аясында өткізілді.  

    Асқар Тоқпанов (1915–1994) – танымал қазақ  режиссері, педагог, Қазақстанның халық әртісі. 1932-1933 жылдары Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық ун-ті) филология факультетінде оқыды. 1939 жылы Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік Театр өнері институтын бітірді. 1939-1944 және 1948-1951 жылдары Қазақ драма театрында (қазіргі М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры) қоюшы-режиссер болып М.Әуезов пен Л.С. Соболевтің "Абай" (1940), Ш.Хұсайыновтың "Марабай", М.Әуезовтің " Сын сағаттасы" және "Еңлік - Кебек", Б. Майлиннің «Майдан», С.Мұқановтың "Жеңіс жыры", Ғ.Мустафиннің "Миллионер", А.П. Штейннің "Намыс соты", Д.Гоу мен А.Д. Юссоның "Терең тамырлары" және т.б. пьесаларының қойылымдарын сахнаға шығарды. 1951-1953 жылдары Қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында, сондай-ақ, Қарағанды,  Атырау, Жамбыл облыстық қазақ драма театрларының көркемдік жетекшісі болып қызмет атқарды. Режиссерлықпен және сахнаға қоюшылықпен бірге, кейбір спектакльдерде басты рөлдерді ойнады: Ыбырай (М. Ақынжановтың «Ыбырай Алтынсаринында»), Ленин (Н.Погодиннің «Кремль куранттарында») және т.б. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының құрылуы мен дамуына үлкен үлес қосты. Сахна өнерінің өзекті мәселелері туралы мақалалардың авторы. А.Н. Островскийдің "Шындық қатты - бақыт тәтті", А.П. Чеховтың "Шағала" мен "Иванов" және т.б. пьесаларды қазақ тіліне аударды. Оның «Сахна сазы», «Бүгінге дейін», «Іңкәр дүние» кітаптары жарық көрген.
   Ол Қазақстандағы кәсіби театр құрылуының негізін қалаушылардың бірі болды. Қазақстан Республикасының халық әртісі (1945), Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Оның есімі Ақтөбе облыстық драма театрына берілген. А.Тоқпановтың соңғы жылдары тұрған үйге мемориалды тақта орнатылды.
   КСРО-ның «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», "Құрмет белгісі" ордендерімен және медальдармен марапатталған.

   Іс-шара аясында кітапхана қорынан А.Тоқпановтың өмірі мен шығармашылығы туралы «Тұғыры биік тұлға» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Кешке Қазақстанның халық әртістері С.Оразбаев, А.Әшімов, Н.Мышпаева, академиктер М.Байсерке, А.Құлбаев, режиссерлер Е.Обаев, А.Рахимов, профессор М.Омарбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері М.Нұрәсілов, Б.Қаптағаев, Қ.Көбентай және т.б. қатысты.

 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование