KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886724
2019 жылы:  20439
бүгiн:  1
қазiр:  40
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

05.11.2015

   2015 жылғы 5 қарашада Көрмелер залында «Парасат» жастар клубы  аясында кітапхананың жас мамандары арасында қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанабаевтың 170 жылдығына арналған әдеби сайыс өтті.

   Абай Құнанбаев (1845-1904)  - қазақтың ұлы ағартушы-ақыны, философ, ХІХ ғасырдағы қазақтың жаңа жазба әдебиеті мен  әдеби тілінің негізін салушы. Ұлы ақын бар жан-тәнімен және талантымен  өз халқына қызмет етіп, артына өшпес мұра қалдырды.

  Іс-шараның мақсаты – жастарды ұлы ойшылдың шығармашылығымен таныстыру, Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасына деген қызығушылықты ояту. Ұлы ақынның шығармашылығы бүгінгі күні де ұрпақ тәрбиесіне баға жетпес үлес қосып келеді.
Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды: өлеңдер оқу, Абайдың қара сөздерінің философиясын талқылау, виртуалды кітап көрмесін және сахналық қойылымдар көрсету. Сайысқа қатысушылар әділқазылар сұрақтарына жауап берді.

   Әдеби сайысқа әділқазылар алқасының мүшелері ретінде ақын, «Ақиқат» журналының бас редакторы Аманхан Әлімұлы; жазушы, ҚР Ұлттық  кітапханасының Бас директоры Әлібек Асқар; ақын, филология ғылымының докторы, профессор Бауыржан Жақып; Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, көптеген жыр жинақтарының авторы, ақын  Шәмшия Жұбатова және ғалым-педагог Айту Ағатаев шақырылды.

 

 

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование