KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886674
2019 жылы:  20389
бүгiн:  1
қазiр:  7
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

06.11.2015

   2015 жылғы 6 қарашада Үлкен залда ақын, сазгер, драматург Исрайл Сапарбайдың шығармашылық кеші және «Бір тамшы көздің жасындай», «Өкінбеймін, шақырмаймын, жыламан...», «Өзімді саған сыйладым» атты кітаптарының тұсаукесері өтті.

   Жыл өнімі. Әдебиет дүниесінің дүрдана дәреметі. Жан азығының таптырмайтын талғажауы. И.Сапарбай биылғы жылды үш бірдей жаңа еңбегімен тұжырымдағалы отыр. Үш кітап бөлек-бөлек үш жанрды қамтиды. «Бір тамшы көздің жасындай» - автордың өзі айтқандай, «өлеңге қимайтын да симайтын ой үзіктерін, өмір, тіршілік толғамдарын» өзек етеді. «Өкінбеймін, шақырмаймын, жыламан...» - Есенин шығармашылығының сан қырын, атап айтқанда, өлеңдерін, хаттарын, ақын хақындағы замандастарының естеліктерін бір жүйе-жүйеге түсіріп көркем тәржімалауымен құнды. Соңғы бөлімді құрайтын «Талай сұлу тілегімді құп алған..» эсселері де тақырыптық, танымдық сонылығымен оқырман назарын аударары анық. «Өзімді саған сыйладым» - «Махаббат шайыры» атанған лирик ақынның соңғы бір-екі жыл көлемінде жазған жаңа жыр кітабы.

   Қатысушылар: қоғам қайраткерлері, әншілер, жоғары оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының кітапханашылары, БАҚ өкілдері.

  

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование