KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886693
2019 жылы:  20408
бүгiн:  1
қазiр:  24
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

02.11.2015

   2015 жылғы 2 қараша, сағ. 11.00-де  Көрмелер залында  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, көрнекті прозашы, ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры Әлібек Асқаровқа  «Социализм әңгімелері» мен «Әйел парасаты» топтамалары үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында құрылған Халықаралық Жазушылар одағының атынан «Ұлт мақтанышы» төсбелгісін табыстау рәсімі өтті. Төсбелгіні «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша өкілетті директоры Мұхамедқали Баймұханов тапсырды.

   Әлібек Асқаров – бүгінгі әдебиетіміздің көрнекті өкілі, қоғам қайраткері. Жазушының соны тәсіл, тың өрнектермен өрілген шығармалары эстетикалық тұрғыдан әсерлі, көркемдік деңгейі биік дүниелер. Сондай-ақ ол шығармалар образ сомдаудағы өзіндік тәсілімен, бояуының қанықтығымен, табиғатты суреттеудегі нәзік нақыштарымен дараланады. Еліміздің өрнегі өзгеше  Катонқарағай өңірінің тумалары Қалихан Ысқақ, Оралхан Бөкей сынды көркем сөз зергерлерінің ізбасары бола білген Ә.Асқаров ағалары салған жолды лайықты жалғастыра білді. Жазушы қаламынан бүгінде отыздан астам кітап жарық көрді.
   Ә.Асқаровтың әрбір  шығармасы тылсым табиғатқа, туған жерге,  ауыл адамдарына деген сүйіспеншілікке, жүрек жылуына толы. Жазушы шеберлігінің бір сыры - кез-келген уақыт өзгерістерін, заман талқысын оқырманның көз алдына келетіндей етіп қазақтың қара сөзімен сомдай білуі. Осылайша, «Социализм әңгімелері» мен «Әйел парасаты» циклы -  бүгінгі оқырманның жоғары бағасына ие болған үлгілі әңгімелер.

   Сөз сөйлегендер: Ә.Қайырбеков, Т.Мамашев, Ж.Шаштайұлы, Р.Нұғманбекова, З.Жұманова  және т.б.
   Қатысушылар: белгілі ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері.  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование