KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886719
2019 жылы:  20434
бүгiн:  1
қазiр:  42
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

11.11.2015

   2015 жылғы 11 қарашада Көрмелер залында халық батыры Бауыржан Момышұлының туған күніне және Панфилов дивизиясының құрылғанына 75 жыл толуына (2016 ж.) орай «28 Панфиловшылар ерлігі ұмытылмайды» атты еске алу кеші және кітап көрмесі өтті.
   Бауыржан Момышұлы - Кеңестер Одағының Батыры, көрнекті жазушы, 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысында дүниеге келген. Соғыс басталғаннан бастап, Б.Момышұлы құрамында өзі майданға кеткен 316-шы атқыштар дивизиясының құрылуына көп күш салды. Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысқан, атақты 8-ші  гвардиялық дивизия батальонын басқарды, полк командирі болды, соғыс аяқталғанша гвардия дивизиясын басқарды. Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіріп, әскери-педагогикалық жұмыспен айналысады. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Б.Момышұлы біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазды. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша кітаптары «Москва үшін шайқас», «Ұшқан ұя», «Айтылмаған ақиқат» және т.б. қалың оқырманның іздеп оқитын шығармаларына  айналды.
   28 панфиловшы - Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуді ерлікпен қорғаған қазақстандық қаһарман жауынгерлер. 1941 жылы 15 қарашада Германия әскерлері Мәскеуге екінші «негізгі шешуші шабуылды» бастады. Батыс майдан жауынгерлері ауыр ұрыстар жүргізді. Осы майданға кіретін 16 армияның құрамында Алматыда жасақталған генерал-майор И.В.Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы (кейіннен 8 гвардиялық-панфиловшылар дивизиясы) Мәскеу түбіндегі Волоколам тас жолын қорғады. Қазақстандық жауынгерлер соғыс тарихында сирек кездесетін ерлік жасап, жаудың болат құрсанған машиналарына төтеп берді. 28 панфиловшының 23-і қазаға ұшырады, бірақ жау танкілері олардың шебінен өте алмады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 жылғы 21 шілдедегі Жарлығымен бұл жауынгерлердің барлығына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

   Іс-шара аясында Ұлттық кітапхана қорынан «28 Панфиловшылар ерлігі ұмытылмайды» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Кешті жазушы, Ұлттық кітапхананың бас директоры  Әлібек Асқар ашып, Қазақстанның құрметті журналисі  Ғазизбек Тәшімбай жүргізді.
   Сөз сөйлегендер: О.Есенғазиев, А.Ашири, Б.Байділда, О.Рубец, Қ.Мамытбек, В.Владимиров және т.б. Бауыржан Момышұлының дауысы жазылған  2 минуттық (видеоролик) көрсетіліп, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың студенттері С.Аманбаев, Г.Тұрдалиева, Р.Тәжібаева соғыс туралы өлең оқыды.

   Қатысушылар: қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының кітапханашылары, БАҚ өкілдері.

  

    

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование