KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886781
2019 жылы:  20496
бүгiн:  1
қазiр:  55
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

10.11.2015

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында белгілі қазақ жазушысы, қоғам қайраткері Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығына арналған «Қаһарман ғалым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Мәлік Ғабдуллин 1915 жылы 15 қарашада Көкшетау облысы Зеренді ауданында дүниеге келді. 1935 жылы Абай атындағы Қазақ  мемлекеттік педагогикалық институтын бітірді. 1936 жылы әскер қатарына шақырылды. 1938-1946 ж. − Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының аспиранты.
   Мәлік Ғабдуллин өзінің шығармашылық жолын 1938 жылы КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалында кіші ғылыми қызметкерліктен бастады. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып генерал-майор И.В.Панфиловтың 8-ші Гвардиялық дивизиясының қатарында жаумен айқасты. 1943 жылы 30 қаңтарда КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен неміс-фашист басқыншыларымен шайқаста әскери тапсырмаларды мүлтіксіз орындағаны және ерлік пен батылдық танытқаны үшін аға саяси жетекші Мәлік Ғабдуллинге Ленин ордені табыстала отырып, Кеңес Одағының Батыры атағы және «Алтын жұлдыз» медалі берілді. 
   Соғыс аяқталғаннан кейін М.Ғабдуллин ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысты. 1946-1951 жылдары – ҚазКСР Ғылым Академиясының Әдебиет және тіл білімдері институтының директоры, 1951-1963 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, 1963-1973 жылдары – ҚазКСР Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.
   М.Ғабдуллинің «Менің майдандас достарым» (1947), «Алтын жұлдыз»  (1948), «Майдан очерктері» (1949), «Майдандағы өмір» (1968), «Менің майдандас достарым» (1969), «Сұрапыл жылдар» (1971) және тағы басқа шығармалары Кеңес Әскерінің майдандағы өміріне, жауынгерлік айбыны мен ерліктеріне, айлалары мен тапқырлықтарына, өз Отанына деген сүйіспеншілік пен жауға деген өшпенділікке арналған. Оның шығармаларының бір бөлігі И.П.Щеголихиннің аударуымен орыс тілінде жарық көрген. 
   М.Ғабдуллин ғылыми зерттеулер саласында да көптеген жұмыстар атқарды, қазақ әдебиеті тарихының көптомдық басылымын дайындауға қатысты. Зерттеулерінің негізгі тақырыбы – қазақ халқының батырлық эпосы, халық әндері, айтыстар, ертегілер, мақал-мәтелдер. «Қазақ халық ауыз әдебиеті» монографиясында ауызша шығармашылықты зерттеуде ғылыми-әдістемелік негізді жасап шықты, ертегілердің, жұмбақтардың, мақал-мәтелдердің, лирика-эпикалық поэмалардың жан-жақты терең талдап, олардың тәрбиелік маңызын көрсетіп берді. Оның  «Қазақ батырлық эпосы» атты ғылыми еңбегі 1972 жылы Ш.Уәлиханов атындағы  сыйлыққа ұсынылды. 
   Жазушы-педагог «Ата-анаға тәрбие туралы кеңес» (1966), «Қазақ халық ауыз әдебиеті» кітаптарында жас буынның тәрбиесіне ерекше назар аударды.
   Жауынгерлік ерліктері үшін М.Ғабдуллин Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді (1943), Ленин орденімен, Ұлы Отан Соғысының 1-дәрежелі, Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері (1972). КССР Жоғары Кеңесінің 2-ші және 4-ші шақырылымының депутаты болды. М.Ғабдуллин 1973 жылы 2 қаңтарда қайтыс болды. 

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан жазушының өмірі мен қызметі жайлы материалдар, оның шығармалары, туыстары мен достарының естеліктері ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование