KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060821
2019 жылы:  126356
бүгiн:  226
қазiр:  20
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.11.2015

   2015 жылғы 13 қарашада Көрмелер залында «Орхон» баспа үйі шығарған «Ұлы реформатор – Дэн Сяопин» атты кітаптың тұсаукесері өтті. 
 
   Қытай Халық Республикасының ұлы реформаторы Дэн Сяопин жайлы кітап тұңғыш рет қазақ тілінде шығып отыр. Кітап Бейжіңдегі «Ұлттар» баспасы және Қазақстандағы Қытай елшілігінің тікелей қолдауымен жарық көрді.
   Дэн Сяопин бүгінгі Қытай елінің Социалистік мемлекет болып қалыптасуына, әлемдік геосаясаттан өз елінің лайықты орын алуына және экономикасының қарыштап өрлеуіне ұшан-теңіз еңбек сіңірді. Сондай-ақ, ол Аспан асты елін дамыған мемлекеттер қатарына енгізу арқылы қытай ұлтының ұлттық көсеміне һәм әлемдік тұлғаға айналды. Әлемдік деңгейдегі реформаторды қазақ оқырмандары да танып білуі қажет. Сол мақсатта жарық көрген бұл жинақты Қытайдың «Ұлттар» баспасының мамандары қазақ тіліне аударып, кітап болып басылуына ерекше көмек көрсетті. Кітап саясаттанушыларға, ғалымдарға, тарихшыларға, студенттерге және жалпы оқырман қауымға арналған.

   Іс-шараны Ұлттық кітапхананың бас директоры, жазушы Әлібек Асқар жүргізді.
   Сөз сөйлегендер: Қазақстан Республикасындағы Қытай Елшілігінің Бас консулының міндетін атқарушы Мия Хунбо, «Ұлттар» баспасының президенті Иу Бинши, қоғам қайраткері, мәдениеттанушы М.Әуезов, «Орхон» Баспа үйінің редакторы Қ.Әбілқайыр, «Ұлттар» баспасы Қазақ редакциясының төрағасы Б.Тоқтасын, ақын М.Айтхожина, журналист К.Адырбек, саясаттанушы С.Құттықадам және т.б.
   Қытай елшілігіне «Ерекше алғыс хатты» Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының кеңесшісі, белгілі жазушы, қоғам қайраткері Б.Шаханов, «Ұлттар» баспасының призиденті Иу Бинши мырзаға «Алғыс хатты» Ұлттық кітапхананың бас директоры, жазушы Әлібек Асқар тапсырды.

   Тұсаукесерге белгілі саясаткерлер, зиялы қауым және «Ұлттар» баспасының өкілдері мен Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшілігінен арнайы қонақтар қатысты.

  

 

 

 


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование