KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886676
2019 жылы:  20391
бүгiн:  1
қазiр:  9
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.11.2015

   2015 жылғы 12 қарашада Көрмелер залында «Парасат» жастар клубы жұмысының шеңберінде белгілі қазақ жазушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлен Әбдіковпен кітапхана  мамандарының кездесуі өтті. 
         
   Төлен Әбдіков 1942 жылы 4 қыркүйекте Қостанай облысы, Жанкелді ауданының Еңбек ауылында дүниеге келген. 1965 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Автордың ең алғашқы «Райхан» атты әңгімесі 1964 жылы жас жазушылардың «Таңғы шық» деген әңгімелер жинағында жарияланды. Әңгіме жинақтары мен бірге повестері «Көкжиек»(1969), «Күзгі жапырақтар»(1971), «Ақиқат»(1971), «Айтылмаған ақиқат»(1980), 1985 жылы «Өліара» романы жарық көрді. Т.Әбдіковтің шығармалары орыс және түрік тілдеріне аударылды. Жазушы ежелгі грек аңыздары мен мифтерін қазақ тіліне аударып, 1977 жылы «Эллада ерлері» деген жеке кітап шығарды. «Оң қол» повесі Қазақстанның классикалық шығармалар тобына енді. Республикалық театр сахналарында жазушының сценарийі бойынша «Біз үшеу едік» атты пьеса қойылды.
   Төлен Әбдіков 2004 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
  
   Аталған кештің мақсаты – жастарды белгілі қазақ жазушысы Төлен Әбдіковтің шығармашылығы және қызметімен таныстыру. 
   Кездесу барысында жазушы өзінің өмір жолын, жазған жеке шығармаларының тағдырын әңгімелеп, өз кітаптарынан қойылған көрмемен танысып, кітапханашылардың сұрақтарына жауап берді. Іс-шараның аяғында қызықты кездесу үшін кітапхана қызметкерлері жазушыға алғыс білдіріп шығармашылық табыс тіледі.

 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование