KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886774
2019 жылы:  20489
бүгiн:  1
қазiр:  54
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

18.11.2015

   2015 жылғы 18 қарашада Көрмелер залында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті, дінтану кафедрасының қолдауымен Қазақстан мұсылмандары діни Басқармасынан басылып  шыққан кітаптардың тұсаукесері өтті.

   Оқырман қауым Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб муфти Серікбай қажы Ораздың "Тәпсір тұнығы" (29 пара) шығармасы, ҚМДБ редакциялық алқасы дайындаған, дін қызметкерлеріне арналған "Дін - насихат" және "Жұма уағызы" оқу-әдістемелік құралдар, сондай-ақ дінтанушы-ғалым Асылбек Әуезханұлының  "Жанұя жарасымы" атты кітабымен кеңінен танысты. Ұлттық кітапхана қорына, тұсаукесер қонақтары мен қатысушыларға секталық діни ағымдардан алдын ала сақтандыратын кітаптар сыйға берілді.
   Іс-шараны дінтанушы  Дәурен  Дариябек жүргізді. Сөз сөйлегендер: С.Ораз, М.Тоқашбаев, А.Әділбаев, Ж.Молдабеков, С.Құрбанұлы және т.б.
  Кітап тұсаукесеріне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти, "Әзірет Сұлтан" мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Ораз, Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек Есмағанбет, қала имамдары, медресе шәкірттері қатысты.  

 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование