KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886793
2019 жылы:  20508
бүгiн:  1
қазiр:  46
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.11.2015

   2015 жылғы 24 қарашада Көрмелер залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елін сүйген, ел сүйген Елбасы» атты кітап көрмесі және  музыкалық кеш өтті.

  Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық кітапханасы, Алматы қаласының Медеу аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалы, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттердің әлеуметтік мәдени құзыреттерін дамыту департаменті, орыс тілі кафедрасы.

  Көрменің мақсаты - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы тарихи рөлін, Қазақстан қоғамын жаңарту мен қайта құруда сіңірген еңбектерін көрсету.         
Көрмеге қазақ, орыс және шет тілдердегі 1000-нан астам басылым қойылып отыр.  Онда Тұңғыш Президенттің өмір жолы: жастық шағы, есейіп, еңбекке араласқан жылдары, саяси және қоғамдық қызметі қамтылған. Тәуелсіз мемлекетіміздің қысқа мерзім ішінде жүріп өткен жолын, тарихи оқиғаларын, Елбасы туралы әлем саясаткерлерінің ой-пікірлері, ақын-жазушылар шығармаларының топтамалары ұсынылды. Сондай-ақ, Н.Назарбаевтың 1958-1969 жылдардағы алғашқы еңбек жолын қамтитын 30-ға жуық мақалалар ұсынылған. Мақалалар республикалық «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас», «Казахстанская правда», «Ленинская смена» және облыстық «Индустриальная Караганда», «Орталық Қазақстан», «Темиртауский рабочий», «Социалистическая Караганда», «Металлург», «Советтік Қарағанды» газеттерде жарияланған.

   Іс-шараны жазушы, Ұлттық кітапхананың бас директоры  Әлібек Асқар ашып, журналист, «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қаласы бойынша бюро жетекшісі Дәурен Дайрабек жүргізді.
   Сөз сөйлегендер: С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің «Нұр Отан» бастауыш партиясының Төрағасы, Университет Ақсақалдары алқасының мүшесі, профессор Исатай Әзімұлы Құлмамбет, Медеу ауданы «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары  Ғани Айдарұлы.

   Көрме аясында «Қазақстан даусы мегажобасының финалисі» Бердалы Ерман, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 4 курс студенті Алиев Ербол және С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттері өз өнерлерін көрсетті.

   Қатысушылар: қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері.

  

   

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование