KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886788
2019 жылы:  20503
бүгiн:  1
қазiр:  51
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.11.2015

   2015 жылғы 25 қарашада Көрмелер залында жазушы Нағашыбек  Қапалбекұлының  3 томдық жинағының  тұсаукесері өтті.

   Оқырман қауымға танымал жазушы Нағашыбек Қапалбекұлының үш томдық шығармалар жинағының бірінші томында әңгімелері берілген. Әңгімелерінің әрқайсысында адам баласының нәзік қырлары мен кесек оқиғалары, аянышты  тағдырлары суреттелген. Шығармаларда  қарапайым жандардың  тіршілік-тынысы,  ішкі  жан дүниесі, өмірге деген құштарлығы  шынайылығымен  баурап алады.
   Екінші томында  оқырмандар  жылы  қабылдаған  үш повесі топтастырылған. «Таудан түскен тұман»повесінде  Ыдырыс  Қалиевтің  қилы-қилы қиын тағдыры суреттелсе, «Жерошақтың  түтіні»повесі  кешегі  Кеңестік  дәуір  кезеңіндегі  ауыл ахуалы  жайлы  сыр шертеді. Ал, «Өрік ерте  гүлдеген жыл» – соғыстан  кейінгі интернат балаларының  тіршілік-тынысы жайлы шығарма. Повестердің оқиғалары  тартымды, тілі көркем.
   Үшінші томында «Мақыш балуан» және «Бала Жамбыл» атты  повестері мен   әңгімелері берілген.

   Іс-шара аясында кітапхана қорынан Нағашыбек Қапалбекұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараны жазушы, Ұлттық кітапхананың бас директоры  Әлібек Асқар жүргізді.
   Сөз сөйлегендер: С.Елубай, Т.Тебегенов, Н.Ақыш, Ж.Ахмади, Ө.Қопабаев, Б.Жақып.
   Кешке Жазушылар Одағының төрағасының орынбасары Маралтай Райымбек, жазушы, қоғам қайраткері Смағұл Елубай, Д.Қонаев  атындағы университеттің ректоры Өмірәлі Қопабаев,  филология ғылымының докторы Жанғара Дәдебаев, Абай атындағы  Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Темірхан Тебегенов, қоғам қайраткері Кеңес Аухадиев және басқа да  зиялы қауым өкілдері қатысты.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование