KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886711
2019 жылы:  20426
бүгiн:  1
қазiр:  34
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.11.2015

  2015 жылғы 26 қарашада Көрмелер залында  «Ел-шежіре» қоғамдық қоры мен «Көшпенділер Атамұрасы» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Мәңгілік Ел» жобасы, Мемлекеттік «Мәдени мұра» және «Халық тарих толқынында» бағдарламаларын  қолдау мақсатында Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы даланың ұлы кемеңгерлері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. 

   Конференцияның мақсаты – төл тарихымызды танудың көкжиегін кеңейту,  тұлғаларды тану арқылы тарихи танымды тереңдету, өткен шақты дәріптей отырып, болашақты бағдарлау.

   Ұлы дала өз дәуірінде көптеген Ұлы тұлғаларды – батырлар мен билерді, абыз жырауларды, от ауызды орақ тілді шешендерді тарих сахнасына алып келді. Ұлы даланың даңқын көкке көтерген де, көшпенділер мұрасының жауһарларын әлемдік тарихқа енгізген де дәл осы тұлғалар. Сақ, Сармат, Ғұн, Түркі, Ұлы Ұлыстарды құраған далалықтардың даналығы бас игізеді. 
   Шыңғыс Ханның Ұлы Мәңгі Ел Ұлысы ыдырағаннан кейін Елхан, Юань және Ұлы Ұлыс (Алтын Орда) мемлекеттері пайда болған. Кейіннен Алтын Орда бөлінген соң Қазақ Хандығы құрылды. Міне, сол мемлекеттердің заңды мұрагері ретінде біз ата-баба мұрасын дәріптеуге тиіспіз.

   Конференцияға тарихшылар, көрнекті ғалымдар, қоғам қайраткерлері, Қазақстан Халқы Ассамблеясының  мүшелері қатысты. Олар қазақ тарихында өшпестей ізі мен өнегелі ісін қалдырған Бұқар жырау, Дарабоз Қабанбай батыр, Мамай батыр іспетті тұлғалар мен қазақтың төбе билері жайлы сөз қозғады.
   Іс-шараны жазушы, Ұлттық кітапхананың бас директоры  Әлібек Асқар жүргізді. Сөз сөйлегендер: Қ.Айтхожин, С.Қосанов, Қ.Жанабай, Д.Раев, Х.Омар, Н.Бәйтек.

   Конференция аясында  «Ұлы даланың қолөнер мұрасы» атты отандық өнімдер, зергерлік бұйымдар мен былғары тауарлар, ұлттық кәдесыйлар көрмесі ұйымдастырылды.

   

     

 
 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование