KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886749
2019 жылы:  20464
бүгiн:  1
қазiр:  52
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.11.2015

   2015 жылғы 27 қарашада Үлкен залда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жұмекен Нәжімеденовтің 80 жылдық мерейтойына орай «Өлке» баспасынан «Жасөспірімдер кітапханасы» сериясымен шыққан «Ақ шағыл», «Кішкентай», «Даңқ пен дақпырт» романдары мен қаламгердің зайыбы Нәсіп Мұстахқызының "Мерек" баспасынан жарық көрген «Жұмекен - құдірет» естелік кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

   Жұмекен Нәжімеденовтің үш романы жеке-жеке кітап болып екі мың таралыммен жарық көрді. Қаламгердің қаламынан өткен ғасырдың 70-жылдары дүниеге келген «Ақ шағыл», «Кішкентай», «Даңқ пен дақпырт» романдары бір-бірімен желілес, соғыс кезіндегі, соғыстан кейінгі ауыл өмірін, ауыл адамдарын тілге тиек етеді. «Даңқ пен дақпырт» романында алғашқы екі романда ортаңғы кейіпкерлердің бірі ретінде суреттелетін Идаяттың талантты композитор ретінде азамат болып қалыптасу кезеңі шұрайлы тілмен, ұтымды детальдармен суреттеледі.
   Талантты ақын ретінде қазақ поэзиясына құбылыс болып танылған, зиялы қауым жоғары бағалаған қаламгердің үш романы да ешкімге ұқсамайтын жазылу шеберлігімен ерекшеленеді. Кезінде сыншылар назарынан тыс қалған бұл тамаша романдар дәл бүгін де өзінің актуальдығын жойған жоқ. Қайта шынайы да көркем шығармаларға сусап отырған оқырмандардың талғамынан шығары сөзсіз.
   «Жасөспірімдер кітапханасы» сериясының талабына орай, романдарда ақынның өмірбаяны, сондай-ақ қаламгердің шығармашылығы туралы жазылған Әбіш Кекілбаевтың, Ғарифолла Есімнің, Мереке Құлкеновтің және автордың өз шығармалары туралы жазған мақалалары берілген. Бұл үш роман да мектеп оқушыларының көрнекті ақынның шығармашылығын жан-жақты зерттеуіне мол мүмкіндік береді.

   Іс-шара аясында кітапхана қорынан Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Тұсаукесерді қаламгер-журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы Президент сыйлығының лауреаты Мереке Әбдешұлы Құлкенов жүргізді. Сөз сөйлегендер: Т.Медетбек, М.Райымбек, Қ.Құрманғали, С.Оспанов, Н.Мұстахқызы және т.б.  ҚазҰПУ-нің студенттері Ж.Нәжімеденовтің кітабынан үзінді оқып, автордың кітабын сыйға алды.
   Қатысушылар: отбасы, жазушылар, қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері.

  

  

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование